Бағдарламалар

Сезім
Алғашқы кездесуден-ақ ғашық болу мүмкін бе? «Сезім» реалити-шоуының қатысушылары мұны өздеріне сынап көрмек! Жоба қатысушылары (жігіт және бойжеткен ару) лайықты деген екі үміткер арасынан жүрек сыңарын таңдауы тиіс. Тапсырма оңай емесі анық! Өйткені қатысушылар көз жұма таңдауы тиіс! Дұрыс таңдау жасап, оның үстіне нағыз махаббатын жолықтыра алар ма екен?
НТК 20 жыл!
НТК 20 жыл! Бұл сан нені меңзейді?!Бұл дегенің, 20 жыл отандық телевизия әлемінің көзқарасын өзгерткен жарқын әрі тың жобалар! 20 жыл бойы өз ісінің нағыз шеберлерімен жұмыс жасағанымызға біз мақтанамыз! Ал, ең бастысы-20 жыл біз сіздермен доспыз, құрметті біздің сүйікті көрермендер! Біздің арнамен бірге болғандарыңызға, мың алғыс! 20 жыл, бұл тек қана бастамасы! Алда әлі талай қызықтар күтілуде! Рақмет!
Talqylaiyq
«Talqylaiyq» - әйгілі қазақстандық вайнердің қалжынға толы авторлық жобасы. Өзекті мәселелерді әзіл-оспақ арқылы талқылап тастайық!
Талантым-тағдырым
«Фильм-концерт» ойын-сауық жобаларының ерекше жанры, көрермендерін танымал қазақстандық эстрада жұлдыздарының сүйікті музыкалық шығармаларымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар олардың жеке және шығармашылық өмірінің қажеттіліктерін білуге мүмкіндік береді. Жобада ең сәтті концерттік нөмірлер мен әртістердің эксклюзивті сұхбаттары жинақталған. Екі сағат ішінде көрерменге әртістерді жақсырақ тануға мүмкіндік беріледі.
ЖаңаLIKE show
«ЖаңаLIKE show» - Қазақстандық эстрада жұлдыздарының өмірі мен өнері жайлы ток-шоу. Жобаның жүргізушілері журналист Анна Данченко мен Бауыржан Бакиров студияға шоу-бизнестің танымал өкілдерін сырласуға шақырады. Жобаның мақсаты телекөрермендерді шоу-бизнес, спорт, кино әлеміндегі соңғы жаңалықтарымен ғана таныстырып қоймай, сонымен қатар сүйікті әртістерінің шығармашылығымен жақынырақ таныстыру.
Караоке-такси
Қаланың қарапайым жолаушыларды жеткізу көлігінде керемет тосынсый күтіп тұр! Кез-келген кездейсоқ жолаушы тегін жетіп қана қоймай,күллі Қазақстанға танымал болуға мүмкіндік алады! Әрине, әнге деген икемі болса! Әрбір жолаушыға жұлдызды сәт сыйлайтын жарқын әрі ерекше бағдарлама!
Жұлдыздар шеруі
Бұл бағдарламада Қазақстанның үздік бейнебаяндары жиналған! "Жұлдыздар Шеруі" сіздерге қайырлы таң тілеп, күндеріңізге көтеріңкі көңіл-күй сылайды!
Medlife
Олар-өзгенің өмірі үшін өзінікіндей күреседі! Олар-адам өмірін ажалдан арашалап қалушылар! Олар-ақ халаттары абзал жандар! Адам өмірінің ең қорқынышты сәттірін "MEDLIFE" бағдарламасынан көріңіздер!
Эксклюзив
"Эксклюзив" бағдарламасының авторлары басқа адамдар көрмеген қызықтар жайлы баяндайды. Еліміздің киелі жерлері қандай құпиялар мен аңыздарға толы? Шетелдік ер азаматтар қазақтың қыздарына неге жандары құмар? Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен ел қалаулылары қандай мектептерде оқып, отан алдындағы әскери парызын кімдер өтеді? Қайталанбас батырлар жайлы сөз қозғау үшін, бағдарлама авторлары полиция қызметкерлерімен бірге қарауылда тұрып, оқыс іс-шараларға қатысып, тау-тасқа өрмелеп, жердің астына түсіп, парашютпен секіріп қана қоймай, танкті де өздері жүргізуге дайын!
Путевый отпуск
Демалысыңыздың есте қаларлықтай өтуі үшін шетелге сапар шегу міндетті емес! Бірақ, Қазақстаннан қай аймағында демалуға болады, не қызық бар? «Путевый отпуск» жобасы дәл осы сауалдарға жауап береді. Адамды зеріктіретін анықтамалық картаны да ұмытыңыз! Біздің кейіпкерлеріміз Бахита мен Даурен сіздерге Қазақстандағы демалыс туралы айтып қана қоймай өз бастарынан кешіреді!
АЛА ҚАРҒА
Бұл бағдарлама ерекше жандар жайлы. Олар бізден қайталанбас келбетімен, таңғажайып ермектерімен және шұғылданып жүрген істерімен ерекшеленеді. Біздің кейіпкерлер өздерін "ала қарға" сезіне ме, қоршаған ортада өмір сүру олар үшін қаншалықты қиын? Бәлкім, керісінше бұл қасиет олар үшін есіктің бәрін айқара ашуға мүмкіндік болар? Ашық әңгіме мен жүрекжарды сұхбаттар. Бүкіл әлемді таңдандыратын қазақстандықтар! Бұл бағдарлама үш бірдей кейіпкерлер туралы тілшілердің тергеуі ретінде түсірілген. Әңгіме ортақ драматургиялық желімен көркемделген.
INSTATV.KZ
Еліміздегі танымал өнер жұлдыздарының инстаграмдағы өмірі жайындағы, әзілкеш бағдарлама
Тематик Show
Бұл скетч-шоудың әр-бір қойылымы қазақстандықтардың күнделікті өмірінен алынған. Қалжыңның жілігін шағып, майын ішкен актерлер, кез-келген көрерменге күлкі сыйлай алады. Шынайы дайындалған реквизиттер мен тақырыпқа сәйкес дүниелер сол қойылымның нақты атмосферасын жеткізеді.
ЕКI ЕЗУ
Жобаның мақсаты – ғаламтор кеңістігінен алынған қызықты да күлкілі бейнероликтерді көрермен назарына ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау!Суйікті актерлеріңіз Рауанның, егізі пайда болған ба? Екекулетіп, езуіңізді жиғызбауға, бел буған көрінеді! Егер Сіздің жеке мұрағатыңызда қызықты видео болса, eki-ezu.ntk@ntk.kz поштасына жолдап бізбен бөлісіңіз! Бірге күлейік!
КомикADZE
Іске асырғысы келген сан түрлі идеялар мен эксперименттерін талқылайтын актерлер. Олардың ұсыныстары жасауға батылдары жетпей жүрген, бірінен-бірі асқан қызық та, батыл болып келеді. Жоспарларын мұқият құрып алғаннан кейін, олар оны іске асыруға кіріседі. Бағдарламаның соңында жеткен жетістіктеріне мәз болып, юмор арқылы көрермендерімен бөліседі.
Күлкі Базар
Бұл бағдарламаның ерекшелігі мысқыл мен қалжыңның ерекше үйлесуінде. Шымкент театрының жұлдыздары бәріміз кезіктіретін бір-түрлі дәрігер, әңгімелесуге жаны құмар ақсақал, өкімет адамы, ұрысқақ әйел және тағыда басқа замандастарымыздың образдарын сомдайды.
ЕҢ КҮЛКІЛІ ӘРТІСТЕР
Тылсым күшке толы, елдің ең атышулы шоуының 16-шы маусымында, қатысушылар жаңа сынақтардан өту үшін бас қосады. Бірі күдікшілдер мен көрермендерге жаңа қырынан танылып жатса, енді бірі сынақтан өте алмай, үйлеріне қайтуға мәжбүр.
Wi-Fi 25
Жүргізушілері әлеуметтік желідегі ең қызықты да қайталанбас роликтерді назарларыңызға ұсынатын ойын-сауық шоуы!