Сұхбат кезінде тығырыққа тірелген жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әрине, күлкілі немесе әйгілі оқиғаның кейіпкері атану қас-қағымда. Мысалы, камера қосулы тұр, журналист сауалын жолдады! Ал, жұлдыздар дәл осы сәтте күтпеген жағдайға тап болса, тығырықтан шығар жолды қалай іздейді?!

Журналист пен жұлдыздар арасында сан түрлі тақырып талқыға түседі. Бұл жолы Артур Төлепов отандық эстраданың жанды дауысқа дайындығы жайында сөз бастаған сол еді. Арғы жақтан автокөліктің шыға келмесі бар ма?!

Артур Төлепов, актер, әнші:

-Жанды дауыс. Жоқ, қиын емес. Бұл енді... бүйтіп-бүйтіп өтіп кеткенсің ғой.)) Жанды дауыс! Негізі бәрі айта алады.

Зарина Омарова балаларымен жазғы демалыстағы жоспарын айтып жатқан еді. Әншінің тұңғышы түсірілімге келгенін ұмытып кетсе керек...

Зарина Омарова, әнші:

- Әрине бір айда... Балам, осылай қарап тұр. 

Ал, «Асылдық» Ғалияның мінезі жұмсақтау. Жас ана сұхбатқа кедергі келтірген ұлын, керісінше еркетеледі.

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Қазір ұлымыз кішкене өсіп қалды...

Келесі кейіпкерлер «Рензо» тобы! Тақырып танымалдылық жайында. Топ әншісі Асқар сұхбат алдында бокс залынан шықса керек, камера алдында бар өнерін көрсетуге тырысып бақты.

«Renzo» тобы:

-Жоқ, мені көшеде ешкім танып жатқан жоқ... Алла қаласа бейнебаян шыққаннан кейін танып жатыр.

Асқар салауатты өмір салтын сақтаса да, спортта жетістігі жоқ. Бірақ, жұдырық жұмсауды жаны сүйетін секілді.

«Renzo» тобы:

Ал енді...

Ал, Айданамен сұхбат барысында аудармашының кейпіне енесің. Өйткені өнер иесі орыс сыныбында оқыған. Әңгіме, әншінің Кореяда алған марапаты туралы.

Айдана Меденова, әнші:

-Марапаттау берді... Еще раз... Немене берді? Марапаттады. И дали статуэтку. Как это будет на казахском? Статуэтка как на казахском?

Ал, бұл мүсіншені кәрістер Меденованың келісті келбетіне тамсанғандықтан табыстаған.

Айдана Меденова, әнші:

-Сұлулықтың... Ммм... как сказать нелеріне категорий, рамки... Ааа, иә талаптарына...

Ең бастысы, қазақ қызы корейліктердің сұлулық стандарттарына сай келді! Ал, Айдана, келешекте аталмыш елдің шоу-бизнесін бағындыруға ниетті.