Мәдина Сәдуақасова көпшіліктің сынына жауап берді.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жандым-күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей, Еш жанға сенен басқа көңіл бермей...» Инстаграмға дәл осылай жазба қалдырып, сексуалды суреттерін салған Сәдуақасова қазіргі таңда қазнеттің қызу талқысында. Ғаламторды дүр сілкіндірген сылқымды, көпшілігі сынап жатыр...

Сезімге тұнып тұрған бұл фотосессия - осыдан бір апта бұрын атқарған жұмыстың жемісі. Өзгеше образдағы Мәдина, әйел затының сан қырлы екенін көрсеткісі келген. Бірақ бикештің тың идеясын жұрт түсінбеген тәрізді.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Еш нәрсе ашық-шашық емес. Бір ұят нәрсе емес. Ол жерде жай ғана эмоция. Мүмкін сол бір ыңғайсыздау болып көрінетін шығар көрерменге. Негізі ол суретте ештеңе жоқ. Әр әйел адамның ішінде неше түрлі образдар болады.

Мәдинаның жағымсыз жазбаларға жауабы осы! Әр қадамы жанкүйерлерінің назарында жүретін жұлдыздың, кереғар пікірлерге әлдеқашан еті үйренген.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Өйткені 5-6 жыл бұрын одан да зорын жасаған болатынмын фотосессияның. Бірақ білмеймін неге екенін осы суреттің соншалықты дау шығарғанын. Бұрындары жүрегімізге өте қатты жақын алатынбыз. Тіпті жылайтынбыз. Неліктен олай жазып жатыр, неліктен деп...

Мың бұрала билеген Мәдина мен Майғазиевті де талқыға салған еді көпшілік. Қос әріптестің осы қимыл-қозғалысын желіден тамашалағандар, бірден жақтырта қоймаған.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Сәкен екеуміз сол 90 жылдағы әндерді өте қатты жақсы көреміз. Сондықтан соны естіген кезде біз екеуміз билеп кетіп едік, ол да желіні кәдімгідей жарып, барлығы жазып, сынап... Несі бар? Ол жай ғана би. Онда тұрған ештеңе болған жоқ.

Сәдуақасова сынға жиі ұшырауының себебін, танымалдылықтың әсері деп түсінеді. Сондықтан тыңдармандарын таң қалдыруды тоқтатпақ емес!