Карантин – жұлдыздардың жаңа қырлары ашылған кезең болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жастар шығармашылығын шыңдауға кіріссе, аға буын коронавирус жайлы ән жазып, тиктокқа тіркеліп, тіпті вайн түсіріп елді таңқалдырды. Артта қалған 2 айда іші пысқан жұлдыздардың жасаған қызықтарына тағы бір мәрте куә болайық.

Пандемия жұлдыздар қауымын біраз әбігерге салғаны сөзсіз. Өнер өкілдері тіпті бір кездері дағдарып қалған сияқты. Себебі төрт қабырғаға қамалған олар, көңіл көтерудің түрлі тәсілін іздеп кетті.

Карантин дәл осы әнмен басталды. Кейін бұл трек елімізде індетпен қатар тарады, танымал болды. Музыка авторы Марат Омаров: «Шыны керек, мен бұндай серпілісті күтпедім», - дейді.

Марат Омаров, әнші:

- Мен енді ойлаймын бұл әннің шарықтау шегі мынау жастардың қабылдап кетуі. Жастардың өздерінің үлестерін қосып, барлық тілде орындауы бұл ойлаймын ауруға қарама қарсы жасаған әрекеттер деп.

Пандемияда іші пысқандар қатарында Айжан Нұрмағамбетова мен Әлішер Кәрімов та бар. Танымал екеу TikTok-та кең етек жайған «flipped a switch» челленджін таспалап, жұрт көңілін бір көтерген еді. «Бұл туралы Әлішер бастапқыда ұсынғанда жүрексіндім. Кейіннен Тина Терьнерден қалмамын ба деп, өзін қайрадым», - дейді Нұрмағамбетова.

Айжан Нұрмағанбетова, әнші:

– Сенбі күні үйде отырайыншы деп үйде отырғанда, бір кезде Әлишер телефон шалды. Челлендж жасайықшы деді. Қандай дедім? Анау бүкіл әлем жасап жатыр ғой, Ресейліктерден екеу ғана жасады, біз бірінші болайық Қазақстанда деп. Мен обай дедім, мен олай билей алмаймын дедім. Содан кейін уже түсіргеннен кейін, қорқасыз ба деді. Мен қорықпаймын дедім. Қорықпай шықтым.

#pillowchallenge яғни «жастықтан көйлек» бастамасы да үй изоляциясы кезінде ел арасында лаулаған өрттей белең алды. Оны қайталағандар қатарында: Дина Төлепберген, Луина және Алтынай Жолдыбаева сынды жұлдыздар бар. Бірақ бәрінен бұрын сын садағына ілінгендердің бірі – Алтынай болды. Үнемі эпатажды образдарымен шу дудырып жүретін әнші: «Бұл жолы да солай болытынын білдім», - дейді.

Алтынай Жолдыбаева, әнші:

- Қанша адам бар, сонша ой бар. Ондай адамдар да болу керек, ондай адамдарды да жақсы көрем. Мен ойламын адамның көңіл күйі де, ары қарай жұмыстануы да, творчествосы да, өзінің ішкі гармониясымен бірге және ол гармонияны келіп-кетіп жатқан сөздер бұзады деген ой жоқ менде.

Жоғарыдағылардан бөлек, пандемия кезінде көптеген шоу-бизнес жігіттері шаштарын тақырлап алып тастады. Қолды мұқият жуу туралы роликтер де кеңінен тарады.