Ақан Сатаев жарымен ажырасты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айрандай ұйып, 5 баланы тәрбиелеп отқан Ақан мен Нәзира Сатаевалардың аталмыш жазбасы көпті есеңкіреткені анық. Десе де, киногер ел арасында артық қаңқу сөз болмас үшін, барлығын өзі баяндауға бел буған. Режиссер мен оның жары бұл ортақ шешім болғанын айтады. Тіпті, олар енді жұбайлар болмаса да, достық қарым-қатынаста сыйласып қалатынын мәлімдеп, бір-біріне бақыт тілеген. Еске салсақ, Сатаев таяуда ғана тұңғышы Марйамды ұзатып, құда атанған еді.

Ал Қайрат Әділгерей төртінші рет әке атанды! Актердің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман дүниеге қыз алып келді. Әзірге сәбиге қандай ат қойғаны белгісіз. Еске салсақ, Қайрат пен Бақыттың бұдан бөлек бір ұл, 2 қызы бар.

Данияр Алшынов болса, рөл үшін түрлі жанкештілікке дайын. Бірде бруталды сері, енді бірде қаңғыбасқа айналатын актер жаз айларында Әділхан Ержановтың «Оңбағандар» картинасы үшін құр сүлдесі қалғанша салмақ тастаған еді. Енді жаңа туынды үшін Даниярға мінсіз мүсінді болуға тура келеді. Алайда Алшынов өз парақшасында арық болған ұнап қалғанын, салмақ қосу қиынға түсетінін жазған.