Тәуекел Мүсілімнің жары алаяқтар құрығына түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел Мүсілім жарының парақшасы алаяқтар құрығына түскенін оқырмандарына тек бірнеше тәуліктен соң мәлімдеген. Себебі, актер оған дейін 177 мың фалловері бар аккаунт жай ғана бұғатталған деп ойлаған. Алайда ақшаны аударып, желі қарақшыларына алданған жұрт Тәуекелді кінәлап отыр. Тіпті, оқырманның бірі бұл іске Тәуекелдің қатысы бар десе, енді қалғаны актердың ертерек ескертпегеніне ашулы.

Геннадий Головкин шаршы алаңға оралмақ! Былғары қолғап шебері 18 желтоқсан күні поляк спортшысы Камил Шереметамен қолғап түйістіреді. Осылайша, қазақстандық боксшы 21 ші рет әлем чемпионы атағын қорғап алмақ ниетте. Айқас Американың Флорида штатындағы «Hard Rock Hollywood» қонақүйінде өтеді деп жоспарлануда.

Иманбек Грэммиден үмітті! Зейкенов аталмыш музыкалық премияда «Үздік ремикс» номинациясы бойынша бақ сынамақ. Иманбек Қазақстаннан мұндай беделді марапатқа ұсынылған алғаш музыкант. Еске салсақ, оның Roses SAINt JHN композициясына жасаған ремиксі Ютуб желісінде 117 млн қаралым жинаған еді.