American Music Awards үздік музыканттарды анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кіл мықты музыканттарды анықтайтын American Music Awards марапаты бәз-баяғыдай, Лос-Анджелесте офлайн форматта өтті! Алайда, көрермен саны шектеулі шарада жүргізушіге әртістердің қағаз бейнесімен амандасуға тура келді.

Ал бұл жылдың триумфаторы – Тейлор Свифт болды. Әнші American Music Awards-тың үш бірдей марапатын еншіледі. Олардың арасында ең мәртебелі – «Жыл әртісі» жүлдесі де бар. Алайда, өнерпаз экс-продюсеріне қатысты жанжалдан соң, кешке келе алмапты.

Taylor Swift, әнші:

- Қуанышта сонда бомағаным өкінішті! Бірақ білесіздер, соңғы дау-дамайға қатысты бүкіл әнімді қайта өзіме жазып жатырмын. Кеш көңілді өтсін! Бәріңді жақсы көрем.

Бұл шарада The Weeknd тіпті таңқалтты! «Үздік ер орындаушы», «Үздік альбом», «Үздік ән» номинациясын еншілеген ол, кешке беті ісіген, басы түгелдей дәкемен оралған күйде келді.

The Weeknd, әнші:

– Мен өз командамсыз ешкім емеспін. Сондықтан сендерге рахмет! Күллі фанататтырма рахмет!

The Weeknd дәл осылай өзінің «After Hours» альбомындағы кейіпкерді қайталаған. Бұл образбен хип-хоп орындаушы ішімдікке сылқия тоя, рөлге отырғанның соңы осылай аяқталатынын көрсеткісі келген-ді.

Сондай-ақ кеште Cardi B мен Megan Thee Stallion «Үздік хип-хоп ән», Doja Cat «Жылдың жаңа әншісі», ал Дуа Липа «Үздік поп ән» мүсіншелеріне ие болды.

Дуа Липа, әнші:

- Көп рахмет жанкүйерлер, көп рахмет тыңдарман! Өте қуаныштымын! Бақыттан басым айналып, не айтарымды да білмей қалдым ғой. Командама ерекше алғыс!

Айтпақшы, Оңтүстік Корейлік «BTS» ұжымы да марапатсыз қалмады. К-рор өкілдер «Үздік топ» атанды.

«BTS» тобы:

– Рахмет Арми, рахмет American Music Awards! Өкінішке қарай, шараға қатыса алмадық. Бірақ біз сіздермен біргеміз! Бұл жеңіз бізде шабыттандыра түспек. Рахмет!