«Jol» деректі фильмі көрерменге жол тартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Jol» деректі фильмінің келесі саны: саяхатшы, тревел блогер, «Туризм бойынша ең үздік инстаграм аккаунт» премиясының иегері, 33 ел мен әлемнің 178 қаласын аралаған – Ұлан Әлімбектен басталады. Ұлан «әлем аралап, көңіл көкжиегімді кеңейткім келеді»,-дейді.

Келесі кейіпкер, қашанда жақсылық жасауға құлшынып тұратын кәсіпкер, «Asarume» қайырымдылық жобасының негізін қалаушы, бұл салаға келгеніне 4 жыл болса да, 48 отбасыға үйлі болуға көмектескен – Асхат Нұрмашев. Асхат: «үйсіз-күйсіз жүрген жандарға әлде де көмектессем екен»,-дейді.

Фильм ары қарай адамдардың қаржылай сауатын ашуға көмектесіп жүрген, «Баспанаға бағыт» жобасының авторы, соңғы 2 жылдықта 5000-ға жуық адамға ақша мен қаражат жөнінде, тегін мастер класс өткізген – Дәулет Мұқаевпен жалғасады.

Лента ары қарай блогер, вайнер, 2017 жылығы «Үздік видеоблогер» премиясының иегері, қоғам белсендісі – Нағима Настевичпен жалғасады. Жұрт оны жәй ғана – «Нагимуша» деп таниды. Нағима «әр жобаның өз салмағы бар. Бастысы тәртіп пен талап керек. Оңай ештеңе жоқ»,-дейді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Jol» деректі фильмін «НТК» арнасының көрермені әр сенбі, сағат 17:30-да тамашалай алады.