Ерлан Байбазаров алғаш рет жеке кешін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерлан Байбазаров алғаш рет жеке кешін өткізді! Алайда, лайф форматтағы концертте музыкант жалғыз өнер көрсетпеді. Бұл шарада оның тобы да көпшілікке ресми түрде таныстырылды.

Байбазаровтың ұжымы 7 өнерпаздан құрылған. Осыдан 1,5 жыл бұрын жасақталған бэндте Ерлан бас солист атанса, жігіттер түрлі аспаптарда ойнайды.

«Yerlan Baybazarov» тобы:

- Балдар әр түрлі бағыттағы сонысымен қызық. Мен өзі басым домбыра этника жағынан сол бағытты насихаттасам, әр жігіт өзінің несі бағыты бар. Аты жоқ топтың, атын іздеген де жоқпыз, «Yerlan Baybazarov» болып бәріміз жүре берейік дедік.

«Голос Украина» шоуынан кейін, ауқымды концерт өткізудің сәті түспеді», - дейді Ерлан. Сондықтан, жанды дауыстағы ән кешіне ол үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Байбазаров, өзін шетелде мойындатса да, елімізде жеткілікті қолдау көрмегенін де айтып қалды.

«Yerlan Baybazarov» тобы:

- Менің өз рахатым өзіме. Қазір шыны керек өнер кішкене сасып кетті. Сөздің шыны керек сол себептен ең алдымен өнерді сатуға болмайды киелі сахнада кез-келген нәрселерді жасап, ашық-шашық жүруге ондай нәрсеге біз қарсымыз. Сол ата-бабамыз қалдырып кеткен мәдениет бар.

Ерекше атмосфераға толы кеште каверлерден өзге ұжымның репертуарындағы авторлық әндер де орындалды. Енді, жігіттер дәл осы құраммен шетелде танылуға ниетті.

«Yerlan Baybazarov» тобы:

- Бір мақсат деп ойлаймын, біздің бір шетелге барып дәл осындай концерт қойып шығып, бір тур жасасақ. Тыңдарманыма алғысым шексіз, өйткені үнемі жазады сұрайды, қашан концерт, концертіңіз болса мен келетін едім деп.

«Yerlan Baybazarov» тобы ұжымның шығынын өзге салада жұмыс істеп өтейді екен. Ерлан Байбазаровтың өзі болса, шәкірт тәрбиелеп табыс тауып жүр. Бүгінде ол домбыра мен вокалдан сабақ береді.