Визажист атанған Элизат Берікова өнерден кетті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шығармашылығын тоқтатып, талантын тұншықтырған шоу-бизнес өкілдері жетерлік! Соның бірі – Экс КешYOU-лік Элизат Берікова жан жарының қалауымен өнерінен қол үзген екен. Әнші қазір сахнаны make-up студияға алмастырып, сұлулардың бетін әрлеумен айналысады.

Элизат Берікова, әнші:

– Былай шығайын десем сахнаға күйеуім сондай бір баяғыдай бір қысқа киініп, ашық-шашық киінген кішкене, секіріп билеп солай шығайын десем, сондай кішкене қарсы, енді екі баланың анасысың енді қой деді.

Баян Алагөзованың тағы бір шәкірті Ержан Мұқатаев та, шоу-бизнесті табыс табу көзі санамайды. Сондықтан, енді экс-Алаулық өнерпаз өзін маркетинг саласынан сынап көрмек.

Ержан Мұқатаев, әнші:

– Менің ойымша адам барлығына епті болу керек. Бір бағытта емес, жан-жақты дамуы тиіс. Мысалы мен әртіспін болды деп ойлау дұрыс емес. Сондықтан мен маркетинг сферасынан жолымды бастаймын. Бүгінгі күнде мен өзімді фрилансермін деп толықтай айта аламын.

Шығармашылығына тұсау салып қойғанның тағы бірі – Рахат Масақбай. Өнерпаз «Мадмэн» тобынан кетіп, бүгінде тиктокер атанған.

Рахат Масақбай, әнші, тиктокер:

– Қазір уақытша тоқтап тұр, себебі әлі асығудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Хауска кіргеннен кейін, осы жердегі заттарды жұмыстарды бітіруім керек, одан кейін өзімнің өнерімді басқа қырынан, басқа бір стильде көрсетемін.

Шығармашылық әлемнен қол үзіп, өзін басқа салада сынап жүрген өнер өкілдерінің қатарында актер Әнуар Нұрпейісов, әнші Рахат Тұрлыханов, «Орда» тобының экс мүшесі Рүстем Оразбеков, «Районы» фильмінің басты рөлін сомдаған Эльтерес Нұржанов, «BLACK DIAL»-дың мембері Tachi да бар.