Әнші Лидо АҚШ-тан Алматыға оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лидо жақындарымен қауышу үшін Алматыға арнайы келген. Алайда, өнер иесі, отанына орала сала мауқын басудың орнына, тазалық мәселесін қозғауға кіріскен. Талай жылдан бері АҚШ-та тұрақтаған әншіні ата-анасының ауласындағы балалар алаңқайы қатты таңқалтса керек. Тіпті, Лидо бұл тақырыпта пост жазып, қала әкімдігіне наразылығын білдірді.

Lido, әнші:

– Әлеуметтік желі арқылы резонас тудыру арқылы ғана мәселені шешуге болатынын түсінемін. Себебі әртістердің қолында ондай мүмкіндік бар. Мен қоғамның тазалығы үшін уайымдаймын, себебі бұл жерде менің жақындарым тұрады.

Елге сағынышпен оралған Лидо осылайша отанына өзінің кішігірім болса да пайдасын тигізбек. Әнші, бұл күндері өнерде белсенді болмаса да, әлеуметтік желіде әрқашан сұраныста. Тіпті, 4 баланың анасы көптеген ару үшін сұлулық эталонына айналған.

Lido, әнші:

– Мен өзімді мінсіз әйелмін деп айта алмаймын. Шынымды айтсам міні жоқ адам жоқ шығар. Менің де өзіммен көп жұмыс істеуім керек. Себебі менің «минустарым» өте көп.

Лидо декреттік демалысында инстагарам әлеуметтік желісін мықтап қолға алғанын айтады. Әнші желідегі жарты миллион оқырманына трендтегі контент ұсынып, қуантып келеді.

Lido, әнші:

– Америкада тұрған соңғы 3 жылда менің жұмысым көп болған жоқ. Бар назарымды балаларыма бөлдім, декреттік демалыста болдым. Өзіме ұнайтын істермен айналыстым. Соның бірі инстаграм.

Еске салсақ, бүгінде Лидо фэшн блогер ретінде танымал. Тіпті, әнші Алматыда да уақытын бос жұмсамай, ерек фотосессия ұйымдастырған-ды.

Дегенмен, әлі де өнер иесінен шығармашылығы жайлы сұрайтындар көп.

Lido, әнші:

– Шығармашылығымда кішігірім үзіліс. Уақытымды отбасыма арнауды жөн көрдім. Себебі 3 баламды да босанбай тұрып, соңғы сәтке дейін сахнада өнер көрсетіп жүрдім. Енді төртінші баламнан кейін кішкене демалайын деп шештім.