Эльдар Джарахов пен Маркулдың «Я в моменте» трегі топ жаруда!

Сообщить о проблеме с эфиром

іТunes.kz-тің алғашқы орынында Эльдар Джарахов пен Маркулдың дуэті тұр. Олардың «Я в моменте» атты туындысы тек Қазақстан ғана емес, ТМД елдерінің музыкалық чарттарында бастапқы баспалдаққа жайғасқан. Тіпті, трек бүгінде тиктоктың трендінен түспеуде. Ютубқа 4 күн бұрын жүктелген әннің аудиосының өзі, 1 миллионға жақын қаралым жинап үлгерген.

Ал күміс жүлде ресейлік HammAli & Navai-дың еншісінде! Олардың «Птичка» трегі, ютубта 3 аптаның ішінде 10 миллионнан аса қаралым жинап, хитке айналып отыр. Тіпті әлі клипі түсірілмеген туындыға, кавер жазып, оны челлендж етіп жібергендер жетерлік.

Ал үздік үштікті қазақстандық Скриптонит түйіндейді. Оның «Будьте здоровы» трегі бір аптадан бері ТМД талқысында жүр. Бұл туындының да клипі түсірілмеген. Бірақ ән шыққан күннен бастап, тыңдарман арасында үлкен сұранысқа ие болып үлгерді.