Шазамда ең көп ізделінген тректер қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шазамда ең көп ізделінген тректер тізімін Мехман Ахметовтың «Копия пиратская» әні бастайды. Өзбекстанның хип-хоп орындаушысы осылайша су жаңа туындысымен соңғы аптада тыңдалымы жағынан топ жарып отыр. Еске салсақ, 2016-шы жылдан бері соло әнші ретінде өнер көрсетіп жүрген музыкант ТМД елдері арасында кеңінен танымал.

Отандық меломандардың құлаққабынан түспеген тағы бір туынды «Птичка» трегі. HammAli & Navai-дың орындауындағы ән шазамның үздіктері арасында екінші сатыда. Аз ғана уақытта хитке айналған композиция сондай-ақ, «iTunes», «Apple Music» сынды музыкалық платформаларда да сұранысқа ие болса, «Youtube» стримигінде трендтен түспеуде.

Шазам.кз-тің үздік үштігін Minelli «Rampampam» әнімен түйіндейді. Тыңдармандардың тректі жарыса іздеуіне тикток желісі себеп болған. Аталмыш желіде трендке айналған туынды румыниялық өнерпазға тиесілі. Минелли лақап атымен таныс әнші әлемге әйгілі «Global Records» және «Ultra Music» лейблдармен келісім шарт жасаған.

Отандасымыз Әміре де шазамның үздіктері қатарында. Музыкант «Қыздар-ай» әнімен ең көп ізделген тректер арасында бесінші сатыға жайғасты. Өнерпаз «NNBek» тобының трегіне кавер орындап, көптің көңілінен шығып отыр. Еске салсақ, аталмыш туынды 2006-шы жылы хит болған еді.