Doja Cat су жаңа бейнебаян ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Doja Cat «Need To Know» атты туындысына су жаңа бейнебаян ұсынды! Екі күнде 12 миллионға тарта қаралым жинаған клипте Амала келімсек кейпінде. Еске салсақ, аталмыш әнге тиктокта 50 мыңға жақын оқырман видео түсіріп, композиция трендке іліккен еді. Ал сұраныстағы әннің мәтінін жазуда, канадалық орындаушы – Греймс көмектескен болатын.

Megan Thee Stallion да әріптесінен қалысар емес! Адуынды хип-хоп орындаушы «Thot Shit» атты клипінің тұсауын кесті. Бейнебаянның сюжеттік желісінде Меганның, өз альтер-эгосы Тина Сноуды оятқанын байқауға болады. Ол желіде өзіне жаман пікір жазғандарды тауып, жазалап отырады. Қала берді, Сталион осы тректің әнін де, сөзін де өзі жазған.

Су жаңа туынды ұсынғандардың тағы бірі – Coldplay. «Higher Power» композициясының клипінде, топ ойдан шығарылған «Коатика» атты ғаламшарды суреттейді. Трек «Music of the Spheres» аталатын жаңа альбомның лид-синглына айналған. Бірақ ұжымды, тыңдарманның көбі плагиатқа айыптап жатыр. «Әндегі рэп партияны Селена Гоместен ұрлаған», - деген болжамдар айтылуда.