Балаларынан жұлдыз жасағысы келетін қазақстандық әртістер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір ғана Ашаның өзі, қазақстандық қаншама брендтің амбассадоры. Енді жарнама берушілер, тележүргізушінің қыздарына ұсыныспен хабарласатын болған. «Асылым мен Айымнан жоспарлы түрде жұлдыз жасап жатқан жоқпын. Жағдай солай болуда»,-дейді өзі.

Аша Матай, әнші:

– Жақын арада қызым екеуміз тағы да шығатын боламыз. Айым екеуміз. Айым да енді кішкентай модель, тәй-тәйлап басып келе жатыр.

Жарқынай Ханайым да қайынсіңлісі Аша Матайдан қалысар емес. Жалғызы Айлананы желіде танымал еткісі келеді. Ол үшін контент жоспар жасауға кірісіп те кетіпті.

Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:

– Айланаға мүмкін жеке парақша ашып, оған бір танымалдылық, енді өзі білмесе де жасап қойғаным дұрыс па деп чем жасалмағаннан көрі. Жасалмаса да ол Рауза мен Сакураның қызы. Әпкелерінің аттарының өзі Қазақстанда үлкен әріппен жазылатын сондай керемет апалар. Сондықтан Айлана бәрібір жұлдыз болады деп ойлаймын.

Айдана Меденова да балаларының жұлдызды болашағына сенеді. Тіпті әнші оларды үйірмеден-үйірмеге тасып жүргенге ұқсайды. «Бойда талант болса, бала кезден ашу керек»,-дейді ол.

Айдана Меденова, әнші:

– Менің күйеуім де өнерден алыс емес. Екеуміз де сол жақтынбыз. Сондықтан екеуі де «яблоко от яблони не далеко падает» дейді ғой. Ұлым да, қызым да ән айтады, би билейді. Ритм четкий, слухы четкий. Сондықтан кім біледі, әлі бәрі алда.