Назар аударыңыз, кастинг!

«Сөз». Сен үшін ол жәй сөз, мен үшін - кеңістікті қирататын қару, дарын, істейтін жоқтан барын!

НТК телеарнасы JUZ ENTERTAINMENT орталығымен бірлесе отырып қазақ тіліндегі басты хип-хоп жобаға «Qaraberi» кастинг жариялайды!

Өміріңді ХИП-ХОПСЫЗ елестете алмайсың ба? Сен жассың, таланттысың және ДӘЛ СЕНІҢ Қазақстанның ең үздік ПРОДЮСЕРЛЕРІНІҢ  бірімен КЕЛІСІМШАРТҚА отырып,  «Отандық үздік рэпер»  деген атаққа  лайықты екендігіңді  дәлелдегің келеді ме? Ендеше, армандауды доғар! ІСКЕ КІРІС!

Қатысудың талаптары: осы жерден, осы жерден, осы жерден және осы жерден  әннің минусын жүкте немесе VK  ресми парақшамыздан 8-16 bars (жолдан) тұратын қазақ тілінде мәтін жаз, мәтінде міндетті түрде  qaraberi сөзін қолдан. 1 минуттан аспайтын live бейнежазба жазып #qaraberi хештегі мен @ntk_channel @qaraberi_ntk аккаунтарын белгілеп өз инстаграм-аккаунтыңа жүкте.

Үздік деп танылған жұмыс отандық басты хип-хоп жобаға  қатысуға мүмкін алып қана қоймай Қазақстандық рэп орындаушылардың элитасына қосылады! Сәттілік!

Жоба жайлы: Қазақ телевизиясындағы алғашқы басты хип-хоп жоба!

Жас, амбицияға толы, талантты рэп-орындаушылар алғаш рет отандық музыкалық тарихы бар жобаның бір бөлшегі болып қана қоймай, еліміздің хип-хоп субьмәдениетін жаңа деңгейге көтеруге атсалыспақ!

Алайда, «Отандық үздік рэпер» атану үшін жоба қатысушылары талай сынақтан өтулері тиіс.

Конкурсанттарды еліміздің үздік продюсерлері бағаламақ. Ал тәлімгерлер ретінде еліміздің атақты хип-хоп орындаушылары қатысушыларға көмек қолдарын созбақ. Жеңімпаз дебют алып қана қоймай, еліміздің үлкен музыкалық лейблімен келісімшартқа отырады. Қызық па?

Бұл әлі бастамасы ғана!

НТК арнасынан бұрын соңды болмаған тың жоба «Qaraberi» тамашалауға шақырамыз!

«Сөз»- сен үшін жай сөз!
Мен үшін  кеңістікті қирататын қару, дарын істейтін жоқтан барын!
Соны біліп, олар бізге үнсіз болсын деп айтты!
Ал қазір, қорқыныштан жарықты қосып ұйықтайды.
Себебі мен жекеден келгенде, жеп кетем шикілей шегіңді!
Шекеңе шегелеймін жеті мүшеңді!
Мен шеті мен шегі жоқ шертпенің шешенімін!
Інішегім шегін, бүгін шеру менің ұйқастарымда, үй, қасқа!
Мұнда биік аспан құлайды ұша алмағандар.
Бұл- Джомолунгма, кір шамаңа мал! Дым жағалама!
Бұл шаң алаңда мен деңгейде істеймін биік!
«Сен бекерден бекерге жерге тер еккен екенсің» дегендерге де кекетіп, кекпен екі етіп, кеп-кетем, енді енегім бетіңе мекен етеді кеңінен, bitch!
Былай тұр, не бас бірге!
Ірге тасты кеп, қалайтын келді кез, олар біздің сөзді қалайтын келді кез!
Не кел, не кез, не без!
Сенімен не сенсіз, мен сеніммен сеңді қозғаймын, еңсеңді ұста биік!
Бізді естуге келсін деп, уақытқа пара бердім, сөзіңді аш та, дайында көзіңді бро! қарабері!