Тәуекел Мүсілім сүйіктісімен мешітте некесін қиды!Актердің таңдаған қалыңдығы кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Тәуекел, енді көпшілікті қызықтыратын сұрақ, өзің де білесің ғой бұл сұрақты ия? Қашан үйленесің?

- Енді, Алла бұйырған күні үйленеміз. Дегенмен, үйленудің ауылы алыс емес.

Дәл осылай бір ай бұрын бізге сұхбат берген Тәуекел Мүсілім уәдесінде тұрды. Актер кинопремьералардың біріне ерте келген сүйіктісімен мешітте некесін қидырды.

Бұған дейін сері, көпшілікке қырғыз қызы Айтұрған Мамайды қалыңдығым деп таныстырған болатын. Дегенмен, олардың көңіл жарастыруы ұзаққа бармады.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Кезінде, өзің суретін жариялап сүйіктіңнің елді бір шулатқан едің, әсіресе қыздар қауымын. Неге соңы тоймен аяқтала алмай жатыр?

- Мен негізі сурет жариялаған емеспін. Тек айтқан болатынмын. Дегенмен сурет ешқандай болған жоқ. Енді ол сторис ия, ал жалпы БАҚ құралдарына берген жоқпын. Енді неге болмай жатыр, дегенде оған менде жауап бере алмаймын. Мүмкін Алла бұйырмай тұрған нәрсе.

Отыз жастан асқан шағына дейін өмірлік жарын іздеген Мүсілім, үйленген сәтін жұрттан жасырып қалды. Мән-жайды сұрап актердің өзіне хабарласқанымызда бұл жайлы сәл кейірінек толық ақпарат беретінін айтты. Некесін құпия қидырған жас-жұбайлар, бұл жаңалық көпшілікке таралмай тұрса деген шығар. Әйткенмен де, олардың мұсылмандық неке қидыру сәті әлеуметтік желіде таралып үлгерді.

Ал, Тәуекелдің жүрегін жаулаған - Түктібаева Махаббат есімді ару. 24 жастағы бикеш «Қарағанды Медицина Университетінде» дәрігер мамандығын тәмамдаған. Дегенмен, бұрымдының өнер әлеміне қатысы жоқ болса да, ол бүгінде өзін сәнбикелік қырынан танытуда.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Бұйырған күні бүкіл халық біле жатар.

Осылайша сүрбойдақтықпен қош айтысқан Тәуекел жақын арада, үйлену тойын дүркіретіп атап өтеді деп сенеміз.