Ақсаусақ Айым Сейтметова келіндік міндетін қалай атқаруда?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскені - келсап»! Сондықтан, қайын жұртымның қолдауының арқасында әзірге мақтаулы келінмін,-дейді Айым Сейтметова! Әсіресе, оның жаманын жасырып, жақсысын асыруда енесінің үлесі мол.

Айым Сейітметова, актриса:

- Енемнің бізбен бірге тұратыны жақсы болды. Ол кісі барынша көмектесіп, менің кемші тұстарымды көрсетпеуге тырысады. Анамызбен бір шаңырақ астында өмір сүргеніміздің пайдасы көп.

Күйеуі де қолдаушысы! Бүгін де Айым түскен кезекті картинаның тұсаукесеріне Талғат бірге еріп келген. Түсірілім жұмыстарына қатысып, шығармашылықпен белсенді айналысуыма ешкім қолбайлау емес, дейді Айым. Дегенмен, сылқым қайын жұртына әбден сіңісіп алғанша келіндік қызметін бірінші сатыға қойып отыр.

Айым Сейітметова, актриса:

-Әрине, кедергі келтіретін кездері болады. Дегенмен, өз ыңғайыма қарай жасаған жұмыс кестем бар. Қалаған уақытымда түсірілімге барамын. Егер бос болмасам, олар мені түсінеді. Себебі, келін атанғанымды біледі.

Жас келін «Yuframe»-дегі ісін де тоқтатпақ емес. Дегенмен, жұмыс кестесін әзірге өз ыңғайына қарай түзіп жүр.

Айым Сейтметова, актриса:

- Өмірім қатты өзгерді. Жаңа статус, жауапкершілік пайда болды. Кезінде мен үйде ештеңе істемей, бәрін анама тапсырып жата беруші едім. Ал қазір ондай жоқ. Үйде барлығын өзім жасауға тырысамын.