Billboard чарты үздік тректері тізімін ұсынды

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка саласының ең беделді Billboard чарты үздік тректері тізімін ұсынды. Тыңдалымы жағынан топ жарғандар көшін Ники Минаж бастайды.

Адуынды рэпер жастарға оңайлықпен дес бермек емес. Хип-хоп орындаушы көптен бері көзге көрінбей кеткені мәлім. Сөйтсек, бұл Никидің дауыл алдындағы тыныштығы екен. Оның Doja Cat-пен бірлесе ұсынған «Say So» трегі хитке айналып жатыр. Еске салсақ, бұл туындыны бұған дейін Doja Ники Минажсыз, жалғыз шырқап келген еді.

Өзгенің әніне жиендік жасап, музыкалық чарттың шыңына шыққан жалғыз Ники Минаж емес! Мәселен, Beyoncе Megan Thee Stallion-мен бірлесе оның ескі «Savage» трегін қайта шырқап, көптің қошаметіне ие болып жатыр! Аталмыш туынды Billboard тізімінің екінші орнына жайғасқан!

Биыл The Weeknd хитмен болды десек, артық айтпаспыз! Жыл басталғалы хип-хоп орындаушының «After Hours» атты альбомы сатылымы бойынша рекорд орнатуда. Ал ондағы «Blinding Lights» трегі трендтен түспей, үздік әуендер үштігін түйіндеп тұр!