«Бір болайық» бағдарламасы күн санап қыза түсуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бір болайықтың» махаббат алаңы, сезім майданына айналып бара жатқандай... Мәселен, өткен аптада жұптары жазылған Олжас пен Диананың бүгінгі қарым қатынасы қандай? Үйленуге ұсыныс жасаған Ходжа-тегі неліктен сүйіктісін күте алмайтынын айтты? Серінің күйзеліске түсіп кеткені рас па?

«Бір болайық» махаббат алаңының күн санап машақаты артып барады. Кеше ғана «жақында тойлары болады» деп үлкен қуанышқа дайындалып жүрген жұп, бүгінде жоқ.

Мәселен, өткен апта жолдары екіге айырылған Олжас пен Дианаға жұрт сүйсіне қарайтын. «Бірақ тағдырдың жазуы сол болған шығар», - дейді сері. «Бір болайықтың» қатысушысының сөзінше ол әлі сүйіктісін ұмыта қоймапты.

Олжас Ходжаниязов, қатысушы:

– Енді мен басқа нәрсе күткем негізі. «Иә» дегеннен кейін осы жерде тойымызды жасап, сосын шығып кетеміз деген жақсы ниет болған. Мүмкін сондай бір жауапты естігеннен кейін, біртүрлі бір түсінбей қалды ма... Миым жұмыс жасамай қалды ма... Дегенмен енді өтірік айтпай-ақ қояйын әлі сезімім бар.

Жұбымен жақында ғана айырылысқан Олжас «үміткер қабылдауға әлі әзір емеспін. Көрермен дұрыс түсінсе екен», - дейді.

Олжас Ходжаниязов, қатысушы:

– Шынымды айтайын хабарласып тұрамын. Бірақ енді білем, түсінем хабарласқанымның ерсі екенін. Сондықтанда бұрын жиі хабарлассам, қазір енді күніне бір рет деп айта алам. Өзім біліп тұрам да ол дұрыс емес екенін. Бірақ енді қимастық бар ғой бәрібір.

Есесіне, таныстықтары ұзаққа созылған Ақерке мен Ербол жақында ғана жұп атанды. «Жиі жанжалдасып кеттік. Қарым-қатынасымызды ресми бекітпесек болмады», - дейді сұлу.

Ақерке Құдайбергенова, қатысушы:

–Қазіргі таңда барлық реніштерден арылдық. Қазір екеуіміздің арамызда барлығы жақсы, Құдайға шүкір. Тату-тәтті, солай...

Желіде: «Ақерке қысым жасағандықтан ғана оған Ербол сөз салды» деп жатқан жанкүйерлер жетерлік. Бірақ қатысушының өзі басқа пікірде.

Ақерке Құдайбергенова, қатысушы:

– Негізінде олай емес. Мен керісінше басында келіспей жүргем, сөз салуына. Бірақ карантин басталып кетті. Одан кейін екі ай уақыт өтті. Сонымен екеуіміздің арамызда ұрыс-керіс болып жүрген. Бірақ мен айттым «давай ұрысып, дальше не хочу, либо сен сөз саласың, либо жүріп кетеміз, либо все бәрі бітеді» дедім.

Жұптардың ары қарайғы жағдайын, жобаның әр санынан тамашалай аласыздар. Теке-тіреске түскен талай тағдарды бір арнаға тоғыстырған «Бір болайық» бағдарламасын жұмыс күндері, сағат 15:00 НТК арнасынан өткізіп алмаңыздар!