Жұлдыздар кинотеатрлардың ашуылуын тағатсыздана тосып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар 15 маусым, кинотеатрлардың ашылуын тағатсыздана тосуда. Тіпті актерлар жиналып, осы айтулы күнге арнап ән арнаған. Музыка арқылы сағынышын жеткізгендер қатарында Нұрлан Қоянбаев, Әсел Сағатова, Тәуекел Мүсілім, Айқын Төлепберген және Дәурен Айдарқұлов бар. Айта кетейік, карантин кесірінен төрт апта бойы көрсетілмеген картиналар көрермен назарына қайтадан ұсынылмақ.

Ал Жазира мен Жанболат Дара қыздарының жүзін көрсетті. Мерекеге орай, отбасылық суретін жүктеген жұлдызды жұп, бұдан-былай кестетігерлеріне көз тиеді деп қорықпайды. Керісінше, көпшілік кішкентайға тек игі тілектерін жаудыруда. Қазнет қолданушылары Дараны анасынан гөрі әкесіне көбірек ұқсатқан.

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов екінші кітабын шығармақ. Өнер иесі бұл жолы туындысын Бақытжан Бұқарбаймен бірлесіп ұсынуды ұйғарған. Ал басылымның «Қарызсыз қазақ» деген атауы Әбдірайымовтың оқырмандарына жақпай қалғандай. Еске салсақ, Бағланның алғашқы «Ақ пен қара» кітабы 10 мың тиражбен шыққан болатын.