Леди Гага рекорд орнатып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Леди Гага тыңдалымы жағынан рекорд орнатып, тарихта қалды! Америкалық поп әнші Эминемнің жетістігін жаңартып отыр. Еске салсақ, әйгілі рэпер әрбір онжылдықтың басында үздік атанған алғашқы әртіс болатын. Енді Гага Эминемді бұл орыннан ығыстырды.

Леди Гаганың мұндай жетістікке жетуіне су жаңа альбомы сеп болды. Эпатажды әншінің жарық көрген «Chromatica» жинағы әлемдік музыкалық чарттарда көш бастады. Өнер иесінің әсіресе Ариане Гранде және корейлік «BLACKPINK» гелзбендімен коллаборациясы көптің көңілінен шыққандай.

Гаганың дәл осы k-pop ұжымымен құрған «Sour Candy» атты дуэті ютубта бірден 40 млн қаралым жинап, британдық чарттарда бірінші болды.

Өнер иесі сондай-ақ, Элтон Джонмен бірігіп ән шырқаған еді. Еске салсақ, су жаңа үнтаспаға басы-қасы 16 трек енген.

Осылайша 15 жылға жуық сахнада жүрген Гага, бұрынғы танымалдылығын қайта жаңғыртты. Әлемді аузына қаратқан «Оскар» иегері әрдайым тыңдарманды таңғалтудан жалықпаймын деп отыр.