Эшли Грэм ана атанған соң, ашылып сұқбат берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алғаш рет ана атанған – Эшли Грэм Британдық БАҚ-қа сұқбат беріп, сәбилі болғаннан кейінгі өмірі жайлы ашылып айтып берді. Рlus-size модельдің айтуынша, жүктілік кезіндегі денесінің қалыптан тыс өзгеруі оны қатты таңғалдырған. Эшли аздап күйзеліске түскенін де жасырмайды. Тек араға уақыт салып қана, «өзімді осы бейнеде қабылдауым керек» деген тоқтамға келген. Естеріңізге сала кетейік, Грэмнің 4 айлық Айзек атты ұлы бар.

Ким Кардашьян мен Канье Уэст өздерінің кезіндегі күзетшісінің үстінен сотқа арыз түсірді! Бар мәселе жұлдызды жанұяның, бұрын қауіпсіздігін қамтамасыз еткен – Стив Станулис олар жайлы көп құпияны БАҚ өкілдеріне ашық айтып жүргенінде. Стив бүгінде қарапайым адам емес. Ол сценарист, актер, продюсер. «Hollywood Raw» бағдарламасына берген сұқбатында Каньенің өте сараң адам екенін және орынсыз талаптар қоятынын айтқан. Жалған ақпарат таратқаны үшін енді рэпер өзінің бұрынғы жұмысшысынан 10 миллион доллар талап етті.

Көпбалалы әке Дэвид Бэкхем жанұядағы қызықтарымен бөлісіп, 4 бірдей жасөспірімді тәрбиелеген қалай екенін айтып берді. «Мен үлгілі, қамқор, төзімді әке болғым келеді. Үш ұлымды нағыз ер азамат, қызымды ханшайымдай етіп өсіріп жатырмын», - деген Дэвид, кейде қиындыққа тап болатынын жасырмайды. «Әр қайсысының мінезі әртүрлі», - деген ол, бәрінің тілін табуға тырысады екен.