Отандық өнерпаздар мектеп кезін еске алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Иә, биылғы түлектер үшін мектеп бітіру сәті мәңгі есте қалары анық! Десе де, Ринат Гайсин ұлының қоштасу кеші болмайтынына қынжылды. Тіпті, өнер иесіне көңілі түскен атұстарын жұбатуға тура келген көрінеді.

Ринат Гайсин, композитор:

- Менің де ұлым мысалы биыл мектепті бітірді 11 сыныпты. Мен ұлыммен өзім сөйлестім телефонмен құттықтадым. Әрине, ол уайымдады, өзінің сыныптастары бар, қасында жолдастары бар, қыз-жігіттері бар.

Композитордың өзі болса, мектеп кезін сағынышпен еске алады. Биыл Ринат Гаисинның түлек атанғанына ширек ғасырға жуық уақыт өткен.

Ринат Гайсин, композитор:

- Біздер кезінде жиналдық бір вечер дейді ғой енді, вечерде кездесіп немесе мектеппен қоштасамыз. Бірақ карантин біткеннен кейін ұлым да Алла қаласа үйге келіп, мектепке барып барлығымен жүздесіп, кездесіп тағы да ақылдасамыз ғой.

Сыныптастарымен жүздесуді аңсап жүргендердің тағы бірі- Индира Еділбаева. Алайда әнші үшін оқушы кезге қарағанда, студенттік шағы ыстығырақ екен. «Емтиханда қиналсам да, менің ең бақытты сәттерімнің бірі еді»,- дейді ол.

Индира Еділбаева, әнші:

- Студенттік кезеңді, достарымды қатты сағындым. Менің студенттік өмірім Ақтөбе қаласында өткен. Бәрін сағындым. Емтиханда қиналушы ем. Өйткені біреуден көшіре білмейтінмін. Қанша тығылып көшірейін десем де, ұсталып қалатынмын. Шпаргалканы қолданудысол күйі үйрене алмай кеттім.

Ал Тоқтар Серіков замандастары мен құрдастарын «түлектер күнімен» онлаин құттықтаған. Қуанышты күндер әлі алда деген ол, биылғы мектеп бітірушілерге ақ жол тілейді.

Тоқтар Серіков, әнші:

- Енді биыл олармен қастарында бола алмаскақ та құдайға шүкір, болашақта оларды биік-биік жерлерден көрейік, бұл жыл мәңгі естерінде қалатынын анық. Сол жылдары бітіріп едік қой, сол карантиннің кезіндегі түлектерміз деп айтатынын тағы да білем. Сондықтан жасымасын, мойымасын.