Тыңдалымы жағынан топ жарған қай трек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі Billboard музыкалық чарты тыңдалымы жағынан рекорд орнатқан тректер тізімін анықтады! Бүгінде Lady Gaga мен Ariana Grande-нің «Rain on me» әні сөзсіз хит. Тіпті, туындының арқасында қос өнерпаз қалтасын біраз қалыңдатып алған көрінеді.

Еске салсақ, «Rain on me» әні Гаганың «Chromatica» альбомының алғашқы трегі. Эпатажды ару, бұрынғы танымалдылығын кері қайтару үшін шығармашылығына шыңдап сала кіріскен. Ал хит орындаушылардың ерек каллобарациясы көпке ұнағандай!

Әсерлі дуэт құрып, музыкалық чарттың шыңына шыққан өнерпаздар бұл ғана емес! Beyoncе Megan Thee Stallion-мен бірлесе оның ескі «Savage» трегін қайта шырқап, көптің қошаметіне ие болып жатыр. Аталмыш туынды Billboard тізімінің екінші орнына жайғасқан.

«Rockstar» трегі үздіктер үштігін түйіндейді. Кезінде хитке айналған Post Malone-ның әні емес, DaBaby мен Roddy Rich-тың су жаңа туындысы. Қос өнерпаз бұл тандемге ұзақ дайындалған көрінеді. Есесіне, нәтижесі көпке ұнауда.