Ал 35 жасқа толған Жахан Отарғалиев темір тұлпарлы болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әп-сәтте киносаласының жұлдызына айналған Жахан Отарғалиев бүгін 35 жасқа толды! Актер қуанышты күнінде темір тұлпарлы болды. Өнер иесінің меншікті мерекесіне арнап, су жаңа көлікті тарту еткен кім?

Бүгін актер Жахан Отарғалиев өзінің 35 жасын тойлап жатыр. Сағат тілі 12-ні көрсеткен бойда, оның өнердегі достары тәтті тортпен құттықтап, ақ тілегін жаудырды. Тіпті, Жаханға бұл күні ата-анасы мен бауыры «КИА» маркалы көлігін сыйға тартты. Актердің өзі болса, қуанышының әр сәтін желіге жүктеуді ұмытпады.

Актриса Іңкәр Әбдірәш алғашқы сәбиін күтіп жүргені белгілі болды! Бикеш өзінің инстаграмына мынадай сурет салып елді шулатты. Жеке өмірін құпияда ұстайтын актрисаның тіпті тұрмысқа шыққанынан да бейхабар жұрт, таңданыстарын жасыра алмады. Ал жігіттер қауымының кейбірі Іңкәрдің басы бос еместігіне аздап қапаланған сыңайлы.

«Ринголық» Аян Бірбаев енді вайнер! Өнер иесі карантинде бос жатпай, отбасылық сериал түсіруге кіріскен. Жары Айнұрмен қалай танысқаны жайлы әзіл-шыны аралас видеолар көптің көңілінен шығуда. Әзірге әнші телехикаясының 2 бөлімін ұсынып үлгерді.