«Аватар» фильмі телехикаяға айналмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кино десе, ішкен асын жерге қоятын жандарға жағымды жаңалық! Warner Brothers Entertainment компаниясы «Бэтмен» және «Фантастикалық мақұлықтар» фильмдерінің түсірілімін жалғастырмақ. Екі жоба да жылдың соңына дейін таспаланып, 2021-де көрермен назарына ұсынылады.

Еске салсақ, «Бэтмен» картинасында басты рөл Роберт Патинсонға бұйырған болатын. Қазіргі сәтте лента режисеры Мэтт Ривз түсірлім алаңынан түрлі фототарды желіге жүктеп, халықтың қызығушылығын одан сайын үдете түскен.

Квентин Тарантино болса, соңғы онжылдықтағы үздік фильмді атап, көпті таңқалдырды! Режиссердың пайымынша, Дэвид Финчердің «Әлеуметтік желі» лентасы ең мықты. Киногерге фильмдегі кейіпкерлердің диалогы ұнаса керек. Сондықтан ол, аталмыш туындыны көруге кеңес береді.

«Оскардың» үш мүсіншесін еншілеген «Аватар» картинасы телехикаяға айналуы әбден мүмкін! Бұл жөнінде Disney компаниясы мен Джейм Кэмерон келіссөздер жүргізіп жатқанға ұқсайды. Сериал Disney+ стимингтік сервисінде көрсетілмек. Одан өзге, аты аңызға айналған режиссер «Аватарды» екінші бөліміне кіріскені белгілі.