Джиган мен Оксана жыры!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джиган мен Оксана ажыраспайтын болған ба? Бұндай сұрақтың туындауына күні кеше Самойлованың желі бетіне жүктеген мына сторисы себеп :

Кішкентай Давидты ойнатып жатқан оның оң қолынан жанкүйерлері неке жүзігін байқап қалған. Бұған қарап «жұлдызды жанұяның іргесі сөгілмейтін болған ба?» деген сұрақ еріксіз ойға оралады. Аталмыш жайтты тек қара пиарға балап жатқандар да жетерлік.

Дженнифер Энистонның жалаңаш суреті бәссаудада сатылып, түскен қаржы коронавируспен күресуге жұмсалады. Бұл қадамға актрисаның өзі барып отыр. 1995 жылы Марк Селигер түсірген фотода Дженнифер 26 жаста болыпты. Лоттың алғашқы бағасы әлі нақтыланбаған, бірақ бүгінде Энистонның портретін иемденгісі келетіндердің қарасы көп.

Елуге келсе де, қарттыққа қауқар бермеген Наоми Кэмпбеллдің мінсіз мүсінінің құпиясы әшкере болды. Супермодель ұстанатын диета жайлы, оның бас аспазы айтып берді. Он жылдан бері Наомиға ас әзірлеп жүрген Шон Джон: «ол сүт тағамдарын, ақуыздарды, тауық пен балықты көптеп тұтынады. Мен пісірген тамақты ғана жейді. Тіпті өзінің жеке бортында берген тағамға қол жүгіртпейді», - деп сұқбат берген.