Алмас Кішкенбаев көпке ашулы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке өміріндегі сәтсіздіктерінен соң үлкен сахнадан көрінбей кеткен Алмас Кішкенбаев оқырмандарына ашулы. «Ажырасқанымды айта бермеңдер», - деген әнші отбасы ойран болған жалғыз адам еместігін жазған. Сондай-ақ, өнер иесі Елордадан Алматы қаласына көшіп келіп, әлі де орныға алмай қиналғанын айтады. Тіпті амалдың жоқтығынан, туған жері Қызылордаға оралуға шешім қабылдапты.

Өзгеремін! Баян Алагөзова жаңа туынды үшін имиджін ауыстырмақ. Инстаграмдағы парақшасына кезекті рөлге бола, шашын қысқартатынын жазып, көпті қызықтырып қойды. Әзірге бұрымының қанша сантиметрін құрбан етері белгісіз.

«Мисс Қазақстан 2013» байқауының финалисі Әйгерім Мырзагереева алаяқтардың құрбаны атанды. Бикештің 168 мың фалловері бар аккаунтын бәз біреулер бұзып алған. Инстаграмдағы жарнаманы екінші табыс көзіне айналдырған Мырзагереева қиналып жүрген көрінеді.