1 млрд қаралым! «BTS» тобы кезекті рекорд орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«BTS» тобы да тик-токта белсенді! Корейлік бойзбенд аталмыш желіде қызықты видеолары арқылы 13 млн-ға жуық фалловер жинап үлгерген еді. Алайда, мемберлердің рекорды бұл ғана емес! Күні кеше k-pop ұжым «DNA» бейнебаянымен қаралымы жағынан рекорд ортатты.

«BTS»-тің дәл осы «DNA» клипі 2017-шы жылы қыркүйек айында жарық көрген еді. Енді араға 2 жыл салып видео «ютуб» платформасында 1 млрд қаралым жинап отыр.

«Bangtan Boys» корейлік топтар арасында миллиардер атанған алғашқы ұжым болып отыр. Еске салсақ, мемберлердің бұл әні «Love Yourself: Answers» альбомына енген еді.

K-рop ұжымның өзі болса, 3 айлық үзілістен кейін кезекті трек ұсынбақ. Жуырда жарық көретін тың туынды жайлы жігіттер өздерінің твиттер парақшасында ресми түрде мәлімдеді.

Соло әртіс ретінде де танымал «ВТS» мемберлері, жеке шығармашылығын да шет қалдырмады. Мәселен, 1 апта бұрын өзінің бейнебаяны мен мини альбомын ұсынған Шуга бүгінде Жапония мен Қытайдың музыкалық чарттарында көш бастап тұр. Мин Юнгидің клипі бүгінде 67 млн қаралым жинап, трендтегі трек атанды.