Кендалл Дженнердің жүрегін жаулаған жігіт кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кендалл Дженнердің жүрегін жаулаған жігіт жолықты! Сәнбикенің назары – Девин Букер есімді баскетболистқа түскен. Жұлдызды жұп жайлы қауесет сәуір айының басында тараған болатын. Бірақ ресми расталмаған соң, соңы тынышталып қалған еді. Бірақ Девин жақында Кендаллды әуежайдан күтіп алғаннан кейін, бәрі белгілі болған сияқты. Қос ғашыққа бақыт тілеп жатқан жанкүйерлері жетерлік.

Бір мүмкіндік беремін! Белла Хадид пен The Weeknd қайтадан бірге! Өткен жылы, тамыз айында айырылысқан олар «осы жолы шынымен бәрі бітті!» деген еді. Бірақ Э́йбел сәнбикенің сезім отын қайта тұтата алған сыңайлы. Индсайдерлердің айтуынша, Белланың бұл қадамға баруының басты себебі, әншіге деген махаббатының мықтылығында екен. Голливудтың ең көрікті жұбына жанкүйерлері жаппай бақыт тілеуде.

Желі беттерінде Тиматидың жары Анастасия Решетованың, күйеуінің тегіне өтіп, «Юнусова» атанғаны туралы ақпарат тарап кеткен еді. Бірақ бұл жаңалық жалған болып шықты. Өйткені «кәсіпкерлік салық» жөніндегі қағаздарда Анастасияның әлі өз фамилиясында қалғанын байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, рэпер мен сәнбике 2015 жылдан бері бірге. Олардың Ратмир есімді ұлдары бар.