Бағлан Әбдірайымов «Мәдениет саласының үздігі» атанды.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов «Мәдениет саласының үздігі» атанды. Өнер иесі мәртебелі атағын растайтын құжат пен төсбелгінің суретін өзінің инстаграм парақшасында жүктеп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Желі қолданушылары әншіні жағымды жаңалығымен жарыса құттықтауда.

Димаш Құдайберген BTS-тің мемберін басып озды! «100 Asian Heartthrobs 2019» яғни, «Азияның сұраныстағы серілері 100-не» енген әнші k-pop өкілдерінің өзіне шаң қаптырған. Бұл тізімде Құдайбергентегі 6-шы боп жайғасқан. Осылайша ол 289 мың адамның дауысымен BTS тобының мүшесі Чиминнің өзін төменге ығыстырып отыр.

Ал «Томирис» тарихи картинасы енді АҚШ-тың кинотеатрларында көрсетіледі! Бұл жайында режиссер Ақан Сатаев және продюсер Гаухар Нұртас мәлімдеді. Фильмнің прокатын америкалық «Arclight films» және «Well Go USA» компаниясы сатып алған. Айта кетейік, Тұмар ханша туралы туынды 2019 жылы жарық көрген болатын.