Тойсыз өмір Мәдина Сәдуақасованың қалтасын қаншалықты қақты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мерекелік кештердің кейінге шегерілуі әртістер қауымның да көңілін күпті еткені жасырын емес! Мәселен, тойсыз қалған Мәдина Сәдуақасова қалай күн көріп жатқанын айтып берді. Карантиннің кесірі әншіні қаржылық қиындыққа ұшыратқаны рас па?

Бүгінде Мәдина Сәдуақасова шығармашылығына қызу кіріскен. 3 айдан бері мерекелік басқосу мен той көрмеген өнер иесі, төтенше жағдай қалтасын қақпағанын айтады. «Асырайтын жолдасым мен инстаграмым аман болсын»,- дейді өзі.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Менің өзімде концерттер болып тұрды. Менің вложениеларым бар өзіме доход алып келетін ай сайын. Мен еш қиналып жатырмын деп айта алмаймын сондықтан. Мадина Садуакасова каржылай еш қиналып жатқан жоқ.

Тойларға тыйым салынғаны Мәдинаның шынбайына батпаған көрінеді. «Себебі мен өзімді той әншісі санамаймын»,- дейді ол. Десе де Сәдуақасовтар әулеті күтіп отырған айтулы күн бар. Өнер иесінің әкесі 70-ке толмақ.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Мен неге жасамаймын, жасаймын. Және де менің әке шешем сол карантин біткенін күтіп отыр олар да. болмайды десе біз күтейік ештеңесі жоқ. Ол бір күннің бірінде карантин біткен кезде біз қалай болғанда да тойлаймыз.

Садуақасова карантин режимі жеңілдетілгенше, сақтық шараларын қатаң түрде ұстанғанын айтады. Тіпті Мәдинаның күйеуі үйіне артық адам келмегенін жіті қадағалап отырған көрінеді.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Артық адам үйге келмесін, біз де ешқайда бармаймыз, менің әке шешемді үш айдай, екі айдай барған жоқпын.

Одан бөлек, жары Мәдинаға әзірге кинотеатрға баруға және ұшақпен ұшуға рұқсат бермеген. Сондықтан да, шекара ашылса да биыл Сәдуақасова шетелдік демалысын шегере тұрмақ.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Менің жолдасым отпускке шықты. Біз баламыздың туған күнін атап өтіп, мүмкін осы Қазақстанның ішінде, мүмкін Алакөлге баратын шығармыз.