Өз үйім- өлең төсегім! Танымалдар қандай үйде тұрады?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рианна секілді 18,5 миллион долларға үй алмаса да, отандық жұлдыздар өз ғимараттарына аз ақша жұмсамасы анық. Баян Алагөзова, Қайрат Нұртас, Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкей. Шоу-бизнес өкілдерінің қайсысы өз шаңырағы үшін аямай ақша жұмсауға әзір?

Бұл Айдарбековтер әулетінің жаңа пәтері. Продюсер Гүлзира Айдарбекова таяуда ғана тұңғышы Қайрат Нұртасқа осы сарайды сыйлағаны үшін алғыс айтып, видео жүктеген еді.

Хитменнің өзі шаңырағымен мақтануды ұнатпаса да, жары мен бауырлары, анасы қонақтармен жиі фото-видео түсіріп тұрады.

Жұлдыз Абдукаримованың парақшасынан балалар бөлмесінің ерекше безендірілгенін байқауға болады. Қабырғада ілінген ұл-қыздарының суреті, ерекше дизайндағы жиһаздар көпшілікті таңқалтқаны рас.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы бар уақытын боянып, әсем көрінуге арнайды екен! Мұны оның танымал тележүргізушінің roon tour-ынан байқауға болады.

Баян Мақсатқызы пен Тұрсен Алагөзовтің Алатау бөктеріндегі шаңырағы мұражай ма дерсің. Продюсердің үйінде үлкен қызы төркіндеп келгенде қонақтайтын арнайы бөлме де бар. Пәтер 500 квадрат метрді құрайды.

Айгүл Мүкей де әріптесі секілді әдемі картиналарға жаны құмар! Үйдің жайлы болуы мен үшін аса маңызды деген медиатұлға, қарашаңырағының әрбір бөлшегіне дейін өзі таңдаған.

Айгүл Мүкей, тележүргізуші:

- Үй интерьеріне баса назар аударамын. Өйткені үйді ауыстыруым бірінші рет емес. Мұнда жасыл түс таңдадым. Ерекше, ашық, адамды тыныштандыратын түс болғанын қаладым.

Әрдайым ел алдында жүрсе де, өнер өкілдері шаңырақтарын көпке көрсеткісі келмейді. Себебі, бұл – жанымызға тыныштық сыйлайтын жалғыз мекен дейді олар.