Рөлге таласқан Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерей желіде ашық айқас жариялады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Инстаграмдағы батл! Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерей желіде ашық айқасқа түсіп жатыр! Бәріне себеп – Нұрлан Қоянбаевтың кезекті картинасы. Су жаңа лентадағы басты рөлге таласқан актерлар, тіпті құйтырқы қылықтарға да баруда.

Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахски в Турции» фильміне Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерейдің арасында таңдау жасай алмай әлек. Продюсер тіпті инстаграм парақшасында сауалнама жүргізіп, көрерменге шешім қабылдауын сеніп тапсырды.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Енді ақыры осындай опросқа тіреп халықтың, көрерменнің шешіміне қойып қойған болса, енді біздің бақталастығымыз болатыны рас. Бірақ енді біз өмірде доспыз, бауырмыз. Бірақ Жаханның бір НО-сы ол түрікше білмейді, ал мен білемін!

Жахан Отарғалиев, актер:

- Қазір мен уже, жәймендеп уже тіл үйреніп жатырмын. Нұрлан ағамыздың киім әдемі тұру керек, дегеннен кейін уже қазір жаттығу залына барып кәдімгідей жүгіріп, көктерге түсіп, шамалы диета ұстап өзініңіз айтқандай шамалы арықтап жатырмын.

Фильмге түсу үшін түрлі жанкештілікке дайын қос әзілкештің құйтырқы әрекеттері бітер емес. Ғаламтордағы оқырманның да пікірі қақ бөлініп отыр. Ал Қайрат Әділгерей тіпті бұл батлда жеңу үшін бәріне де дайын көрінеді.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Балшыға бардым цыган екен, соған фотосын әкеп бер деп жатыр ғой Жаханның сол фотосын апарып берсем, жәйләп жәйлап уже цыған шаруасын үйлестіреді ғой десен ия. Дуалап жіберсең! Құдай сақтасын ойнап айтам. Бұйырғаны болар.

Соңғы кездері әрбір отандық туындыда бой көрсетіп жүрген Жахан да, құр қарап отырмаймын дейді. Актер Қайрат Әділгерейден өз артықшылығын тізіп берді.

Жахан Отарғалиев, актер:

- Өнерін өте қатты жақсы көремін, өте қатты мықты актер. Бірақ та, оған қарағанда менің бір кішігірім артықшылығым, мен жаспын ғой әлі. Так что ағамыз, жол беретін шығар інілеріне. Бермесе ысырамыз жәйлап.

Ал кімнің ығысып, кімнің ысырылатыны әзірге белгісіз. Соңғы шешім Нұрлан Қоянбаевта болмақ.

Жахан Отарғалиев, актер:

- Мен шыны керек түнде ұйқы жоқ, күндіз күлкі жоқ. Өзім уайымдап жүрмін, сол қашан шешімі болады екен деп. Нұрлан аға көріп отырсаңыз тезірек айтыңызшы надоел уже, немесе ойыншықпыз ба саған.