Джанлука Вакки сүйіктісі жайлы тың ақпаратпен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Биші миллионер» Джанлука Вакки өзіннен 27 жас кіші сүйіктісі жайлы тың ақпараттармен бөлісті. Алғаш рет әке атануға дайындалып жүрген Вакки, Шэрон Фонсеканың жүрегін жаулай алмай, артынан ұзақ уақыт жүгірген екен. Олар бейнебаянның түсірілімі барысында танысыпты. Джанлука «кешке ол менің парақшама жазылады» деп күткен, бірақ актриса қалталы азаматты тіпті елемей де қойған. «Енді бақыттымыз» деген олар, үлкен жас айырмашылығының сезілмейтінін айтады.

«Форсаж» фильм арқылы танылған Джордана Брюстер 13 жылдық бақыттан кейін, күйеуі Эндрю Форммен ажырасқалы жатыр. Бәріне карантин кінәлі ме? Себебі соңғы берген сұқбатында актриса «осы уақыт бойы Эндрюды дұрыс танымаппын. Үш ай бәрін көрсетті» деген. Жұлдызды жанұяның қос баласы аналарымен қалады екен. Бұл олардың өз шешімі.

Настя Ивлееваның инстаграмдағы оқырман саны 17 миллионға жетті! Осынау айтулы мерекеге орай Настя Мәскеудің қақ ортасында от шашу жасап, қуанышын думандатып атап өтті. Ивлееваны құттықтап, ақ тілегін ақтарып жатқан жанкүйерлері жетерлік. Шара соңында ол аққайнар ішіп, рөл тізгініне отырған және бұл әрекетін сторисқа салған. Нәтижесінде бүкіл Ресейлік БАҚ «Мас күйінде көлік жүргізді» деп блогерді жерден алып жерге салуда. Әзірге себепкердің өзі аталмыш жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірмеген.