Отандысымыз Иманбек Зейкеновтың ремиксі Billbord чартында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің ең үздік 100 әні! Отандасымыз Иманбек Зейкеновтың америкалық рэпер Saint JHN-нің әніне жасаған ремиксі Billbord чартының оныншы орнына жайғасты. Еске салсақ, әлемге әйгілі музыкалық басылым 1894 жылдан бастап жарық көріп келеді. Ондағы мықтылар тізіміне іліну әр әншінің арманы десек, артық айтпаспыз.

Соңғы кездері Billbord чартынан Дрейк, Пост Малоун, Ариана Гранде сынды хитмен орындаушылар түспей келген еді. Аталмыш тізімнен табылу үшін трек тыңдалымы жағынан топ жарып, табысты туынды атануы тиіс.

Еске салсақ, Saint JHN-нің «Roses» композициясы 2016 жылы жарық көрген. Алайда, тректің танымалдылығы Иманбек Зейкеновтың ремиксінен кейін арта түсті. Тіпті, жас хитмейкердің туындысы әлемдік «shazam»-ға ілініп, ең көп ізделген композициялар көшін бастады.

IMANBEK, хитмейкер:

- Менің музыкалық білімім жоқ. Барлығын өзім ютубтан қарап үйрендім. Әлі күнге дейін музыканы меңгерудемін. Ал, маған бір трек әзірлеу үшін бір апта уақыт жеткілікті.

Иманбектің бұл жетістігінен кейін, жас хитмейкермен серіктестік орнатуға Еуропа, Ресейлік компаниялардың өзі ұсыныс білдірген. Алайда, музыка тек хобиім ғана деген ол, әзірге ойланып жүрген көріенді.