Артур мен Раймнан кезекті хит!

Сообщить о проблеме с эфиром

Артур мен Раймнан кезекті хит! Жігіттердің «Latte» трегі алты күннің ішінде ютуб трендінің үшінші орынына жайғасты. Анимациялық клиптің бүгіндегі қаралымы 645 мыңға жуықтап қалған. Бейнебаянда олардың өнер жолындағы қызықтары мен қиындықтары көрсетіледі.

Жәния Джуринская ата-анасына үй сыйлады! «Бала кезімде сіздер маған ең жақсыны беруге тырыстыңыздар. Енді міне менің де борышымды өтейтін кез келген сияқты. Қоныстарың құтты болсын ана-әке», - деген актрисаның жазбасы көп көңілін босатты. 7 қабаттағы кең пәтерлерін аралаған анасы да көз жасына ерік беріп, қызына батасын берді.

Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатов тұңғыш рет қыздарының жүзін көрсетті! Күні кеше 1 жасқа толған Жасминді желіде құттықтап жатқандар жетерлік. «Сен бақытты болуың үшін, қолымнан келгеннің бәрін істеймін», - деген әкесінің қызына арнаған жазбасы ел жүрегін елжіретті. Жұлдызды жанұя бұған дейін бөбектерінің түрін жасырумен келген еді.