Кайли Дженнердің жаңа сүйіктісі кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли Дженнер мен Трэвис Скоттың қарым-қатынасы осымен түгесілген секілді. Себебі индсайдерлер сөзіне сенсек, Кайли жаңа махаббат хикаясын бастап кеткен. Үлкен әпкесі Кендалдың жан досыФай Хадрмен көңіл қосып жүрген миллионер ару, жаңа сүйіктісімен бірге папарацци көзіне түсіп қалған. Әзірге олар сезімдерін құпияда ұстауға тырысып жүр.

Әйгілі «Матрица» фильмінің екінші бөлімін тағатсыздана тосып жүрген көрермендер көп-ақ. Атақты франшизаның жарық көргеніне аттай 17 жыл өтіп кеткен. Танымал туындының жалғасына түсіп жатқан – Киану Ривз, неліктен келіскенін түсіндіріп берді. Алғашында актер бұл кинода бой көрсетуден бас тартыпты. Себебі лента өзін-өзі ақтамайды деген сенімде болған. Бірақ сценарийды оқыған соң, оның ойы өзгерген. «Бұл сіздер күткеннен де күшті болады», - дейді Киану.

Бред Питтың бақыттан бас айналып жүр. Актер, Дженнифер Энистонмен махаббат хикаясын күтіп жүрген жанкүйерлерінің көңілін қатты қалдырды. Себебі ол кенеттен жас актрисамен көңіл жарастырып кеткен. Бредтің жаңа сүйіктісі Алиа Шокат, тіпті оның үйіне көшіп алған. «Жалғыздық жабырқатты», - деген Питт бақытты екенін айтудан шаршамай жүр. Алиа да инстаграмда атақты жігітінің суреттерімен жиі бөлісіп отырады.

Селена Гомес – лайк ханшайымы! 150 миллион оқырманы бар әншінің бір посты 3,5 миллион лүпіл жинап, талай танымалдарды шаң қаптырды. Осылайша Селенаның парақшасы әлемдегі ең, сұранысқа ие, атақты аккаунттардың бірі болып шыға келді. Екінші орынға бизнесбумен – Кайли Дженнер жайғасса, үшінші орынды – Криштинау Роналду иеленген.