Бейонсе «Disney»-мен келісімшартқа отырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бейонсе «Disney»-мен құны 100 миллион долларлық келісімшартқа отырды. Атақты студиямен жұмыс бастаған голливуд жұлдызы, енді үш бірдей жобаға ән жазуға кірісіп кеткен. Музыкадан Бейонсе мультфильм кейіпкерлерін дыбыстамақ. Әзірге қос тарап та қандай франшизаларды қолға алғандарын құпияда ұстап отыр.

Игги Азалия алғаш рет ана атанды! Бұл жайлы хип-хоп орындаушы өзінің инстаграм парақшасында сүйіншілеткен. Бір қызығы әнші тоғыз ай бойы жүктілігін жасырып келген. Сылқымның жанкүйерлері бұл жаңалықты төбеден жай түскендей қабылдады. Тіпті сенбей жатқандар да жетерлік. «Мен ұлды болдым. Сіздерге айту үшін қолайлы уақытты күткен едім. Құттықтаулар қабылданады», - деді Азалия.

Дмитрий Нагиев тұңғыш рет сүйіктісі жайлы ашылып сұқбат берді. Актердың бұған дейін тек бір рет, 1986 жылы Алиса Шерға үйленіп, 2010 жылы ажырасып кеткені ғана белгілі еді. Олардың отыз жастағы Кирилл есімді ұлдары бар. Жолдары екіге бөлінген соң Дмитрий ұзақ жалғыз жүрмепті. Бірден жанына жалау болар жанды жолықтырған. Журналистің: «Ол қандай адам?», - деген сұрағына - «Ол менің ең жақын досым. Ұзақ жылдан бері бірге келе жатқан ғашығым», - деп жауап берген.