Әйгілі Кардашьян әулетінің бір айлық шығыны белгілі болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі Кардашьян әулетінің бір айлық шығыны белгілі болды! «The Sun» журналы жұлдызды жанұя отыз күнде қанша қаражат жұмсайтынын мәлімдеді. Отбасы мүшелерінің ішінен, Ким ақша жарату жағынан бірінші орында. Канье Уэсттің жары айына 165 мың доллар қаржы құртатын көрінеді. Сылқым бұл сомманың басым бөлігін өзінің жаттықтырушысы Мелисса Алькантараға жұмсайды. Себебі сәнбике аптасына алты күн, 2 сағатын спортқа арнайды екен.

Сондай-ақ Ким, 34 млн долларды сұлулық салонына жаратады. Желі жұлдызы тіпті жеке стилист жалдаған. Ол өз бет әрлеушілеріне бір образ жасап бергеніне 3 мың доллар төлейді.

Кортни Кардашьян болса 1 айда қалтасын 60 млн доллар қаржыға жұқартады. 41 жастағы сылқым көбіне шаш пен бет әлпетіне арналған күтімге ғана баса назар аударатын болып шықты. Ал, Хлои 150 млн долларын тек сұлулық салонына жұмсап жүр.

«Forbes» басылымымен ең жас миллиардер атаған Кайли Дженнер, табысының 140 млн долларын жеке стилистеріне жұмсайды. Ал атағы асқақтаған сәнбике пластикалық процедураларға айына 40 млн доллар көлемінде шығындалады.

Әйгілі әулетте ең үнемшіл - супермодель Кендалл Дженнер. Сәбике бір айда 30 млн доллар ғана жұмсайды екен. Себебі ол үшін табиғилық маңызды.

Еске салсақ, бұл әпкелі-сіңілі сылқымдар «Кардашьян шоуы» арқылы танылған еді. Бүгінде олар аталмыш жобаның 17 маусымы мен 240 бөлімін жарыққа шығарған. Рейтинг бойынша ток-шоудың тұрақты 1,5 млн көрермені бар.