«Бір болайық» бағдарламасында жақында жаңа жұп пайда бола ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сиқырлы сезімге толы «Бір болайықтың» махаббат алаңында күнде бір қызық болады. Нәзираға көңілі барын ашып айтқан Сымбат, жұртты шын таңғалдырды. Қос қатысушының бүгінгі қарым қатынастары қандай? Екеуінен жақсы жұп шыға ма?

Осы апта «Бір болайықтың» махаббат алаңы түрлі хикаяларға толы болды. Әсіресе Сымбат пен Ләззаттың сезім сергелдеңі көп көрерменді таңғалдырды. Кенеттен Нәзираға көңілі барын айтқан Сымбат, Ләззатың жанын жаралады. Сондықтан сылқым күйзеліске түсіп, бағдарламадан 1 аптаға сұранған. Ал осы жағдайдан соң, серінің анасының қан қысымы көтеріліп кетіпті. Сол себепті Сымбат та жобада жоқ.

«Сымбаттың маған деген сезімі барын бұрыннан сезетінмін», - деген Нәзира бүгінде таныстықтың жүріп жатқанын айтады. Ару: «Мені қаралап жатқандар көп. Ешкімнің арасына түспедім», - деп ақталды.

Нәзира Кәкімжан, қатысушы:

– Жоқ, кінәлі адам ретінде сезінбеймін. Біреудің отбасының барып шырқын бұзып кеткен жоқпын. Бізде таныстық алаңы. Маған дейін де бұндай жағдайлар болған. Менен кейін де болады. Махаббат үшін күресу керек. Ұнап тұрса, сезімін білдіріп тұрса адам күресе білу керек.

Ал жақында ғана ғашығымен қоштасқан Олжас Ходжаевқа күні кеше Семейдің сұлуы үміткер болып келді. «Бәрі көңілімнен шығады» деген Олжас, таныстықтың жақсы жүріп жатқанын айтады.

Олжас Ходжаниязов, қатысушы:

– Сыртқы келбеті де жақсы, тәрбиесіне де енді қазірше көңілім толып отыр. Өйткені менен озбайды жүріп келе жатқанда, менің артымда жүреді үнемі. Тіпті менімен қатарласып та жүрмейді. Ал қалған жағынан әлі танып білген жоқпын.

Ал елді елеңдетіп қойған «Бір болайықтың» тәтті жұбы Алан мен Илигай жобаның бүгінгі санында татуласты. «Бір емес, екі рет ренжітіп қойдым» деген Алан сүйіктісі үшін қатты алаңғанын айтады. Сері тіпті сүйгені үшін жобамен қоштасуға дайын болды.

Алан Мұқанов, қатысушы:

– Мүмкін мен ойладым да былай, мүмкін ол қызға «публичная жизнь» дейді ғой елге көрсеткен отношение ұнамайтын шығар деп ойладым. Егер мені мына жақта қабылдамай жатса, сыртта ары қарай добьюсь деген әңгіме ғой.