Баян Алагөзова өзінің сүйіктілері туралы ашық айтып берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Алагөзова өзінің кезекті ғашығы туралы ашық сұхбат беріп, жаға ұстатты! Тіпті, атышулы продюсер жаңа сүйіктісі үшін шашын қиып, иммиджын өзгерткен. Сонымен, Мақсатқызының жүрегін жаулаған жігіт кім?

Баян Мақсатқызының жаңа ғашығы – Жан Байжанбаев! Өмірде емес, «Күшік құда» картинасында. Ал Алагөзов мырза келіншегін кинодағы сүйіктісіне аса қызғанбайтын болып шықты.

Баян Алагөзова, актриса, продюсер:

- Жан менің 3-ші немесе 4-ші күйеуім, әрине фильмдегі. Негізі, өз жолдасым білімді, мәдениетті адам әрі әйелінің актриса екенін жақсы түсінеді. Актрисаның сәйкесінше әртүрлі рөлі, образы тіпті күйеуі де болуы мүмкін. Сондықтан ол қызғанбайды.

Фильмнің сюжет желісі бойынша, кедей қыз ауқатты отбасына келін боп түседі. Бірақ, бір мезетте бай жарлыға айналып, кедей құдаларына тәуелді болып қалады.

Жан Байжанбаев, актер:

- Кейіпкерім қанша бай болса да, әйеліне қарағанда мейірімді жан. Әйелім - Меруертті Баян Алагөзова сомдайды. Бірінші рет сахналас болып тұрмыз. Негізі менің әйелімдерімді ең сұлу актрисалар сомдайды.

Есесіне, Мақсатқызы өзіне әрдайым біртекті образдар бұйыратынына аздап ренжулі.

Баян Алагөзова, актриса, продюсер:

- Режиссерлар менен басқа образ көрмейді. Барлығы бойымнан қырсық, ерке, шалқып-тасып, зәулім сарайда өмір сүретін әйелдің образын ғана көреді.

Сондықтан кейіпкерін сәл түрлендіру үшін, Баян ханым имиджын өзгерткен. Ал таспаланып жатқан туындының продюсері «Казахи» КВН командасының мүшесі Дастан Қалдыбаев. Туынды әзілкештің алғашқы толықметрлі жұмысы.

Дастан Қалдыбаев, продюсер:

- Әне-міне, әне-міне құдай қаласа деп жүріп, міне алғашқы полный метр фильмді бастап жатырмыз.Қазақта «күшік күйеу» деген бар, «күшік құда» деген несі деп. Негізі жоқ қой, қазақта «күшік құда» деген сөз жоқ. Біз соны таптық. Тапқан жоқпыз енді, екі сөздің басын қоса салдық қой.

Сондай-ақ, фильмде Асқар Ильясов, Айым Сейітметова, Мейірхат Амангелдин, Бақыт Әліпбаева мен Қуандық Шәкіржанов бой көрсетеді. Отбасылық өмірге енді қадам басқан Айым, кинодағы сүйіктісіне күйеуінің қызғанышпен қарайтынын айтады.

Айым Сейітметова, актриса:

- Ол өнер адамы болмағандықтан әрине ол қатты түсіне бермейді ғой оның бәрін ондай нәрселерді. Сондықтан өзім де тырысамын сондай сахналардың болдырмауына. Даже площадкада костюмерлерге айтып. Қойғам, андай қатты аса вырезі бар киімдерді кигізбесеңіздер деген сияқты.

Ал аталмыш туынды жаңа жыл қарсаңында жарық көруі тиіс.