Әртістердің ұл-қыздарының қорында қанша қаражат бар?

Сообщить о проблеме с эфиром

Төрткүл әлемге әйгілі әртістердің ұл-қыздарының қорында қанша қаражат барын білесіз бе? Есептеп көрмегеніңіз анық. Мәселен, Ким Кардашьян мен Канье Уэсттің тұңғышы – Норттың шотында 10 миллион доллар бар. Атақты әулет балаларының болашағы үшін, ақшаны жинағанды жақсы көреді екен.

Қаржы бойынша екіншілікке, Уилл Смиттің ұлы Джейден жайғасты. Рэпердің шотында бүгінде 8 миллион доллар бар. Бірақ бұның бәрін жас актер өз маңдай терімен тапқан екен. Гострольдік сапарлар, концерттер мен түсірлімдер оның басты табыс көзі.

Том Круз бен Кэти Холмстың қызы Суридың жағдайы 300 миллион долларды құрайды. Том бір сұқбатында: «Қызымнан ештеңе аямаймын. Кейде айына 50-80 мың жұмсаймыз», – деген еді. Кэти де тұла бойы тұңғышы үшін көп шығынданатын аналардың бірі.