Дидар Кәден қашан шаңырақ көтереді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дидар Кәден де «ұлымнан жұлдыз жасаймын» деп бекініп отыр! «Оған Диярдың қабілеті де, қарымы да жетеді», - дейді ол. Бұдан бөлек Лидия Кәденованың тұңғышы жалғыздықтан шаршағанын айтып, ағынан ақтарылды. Өнер иесі орда бұзар жасқа жеткенше шаңырақ көтеруге ниетті.

Алма – алма ағашынан алысқа түспейді – деген осы болса керек, Дидардың тұңғышы – Дияр әкесі секілді, инстаграмда өзін еркін ұстайды. «Болашақ әртіс», - дейді әншінің өзі.

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Кәден-тегі, шығармашылығының тұралап қалғанын былай түсіндірді.

Дидар Кәден, әнші:

– Уақытқа, қаржыға бәрі кенеледі, тіреледі келіп. Сосын көп композиторлардың осындай әңгіме бар «өз өзіме жазғанда қиналамын» деген. Өйткені мен біліп тұрамын маған не керек екенін, бірақ соны ітеген кезде ол менің көңлімнен шықпайды.

Дидар бүгінде бос уақытын әндерді өңдеу мен жазуға арнап жүр екен. Ширек ғасырды артқа тастаған сері «жеке өмірге уақыт таппай жүрмін» деп қынжылды. Бірақ әншінің сөзіне сенсек, оның жүрегін жаулаған ару жолыққан сыңайлы.

Дидар Кәден, әнші:

– Анау сұрайды «қашан үйленесің» деп, мынау сұрайды... Бұйыртқан күні, бұйыртқан күні... Сосын бір күні среда деп шығардым. «Қашан үйленесің?» среда деймін, қай среда? Білмейм қай среда екенін, әйтеуір бір күні сәрсенбінің сәтті күні. Сөйтіп кетті, кетті. Шаршадым шыны керек.

Қала берді желіде белсенді Дидар бос уақытында жыр жазатын болып шықты. Оның ден бөлігін өзінің парақшасында жариялап отырады. Жазбасын қызықты хэштегтермен әспеттейтін ол: «көбіне әзілге құрылған жолдарды, астармен біреуге жолдаймын» дейді.

Дидар Кәден, әнші:

– «Қазақтың қара домалақ, арық баласы» деген хештег болған. Ең алғашқы хэштег. Өйткені Құдайға шүкір абырой бар. Кімнен сұрамасаң да көбінесе жаңағы костюм-шалбар, бойы ұзын, арық жігіт елестейді ғой көбінесе Дидар Кәден деген кезде. Содан басталды негізі хэштегтердің барлығы. Одан кейін кетті ғой неше түрлісі.

Өнер өкілі осы жылдың соңына дейін келелі жоспарлар құрып қойған. Кәден-тегі солардың бірнешеуін санамалап өтті.

Дидар Кәден, әнші:

– Жақында ұлымды сүндетке отырғыздық. Қанша адамға рұқсат берілгенін білмеймін. Бірақ кішігірім той жасау керек ол міндетті түрде. Бұйыртса анамыз да 70-ке жақындап қалды, сол кісінің бір кешін жоспарлап отырмын. Бұйыртса өзім келесі жылы орда бұзар жасқа келемін.