Үздік тректер тізімі анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

The Limba-ның Andro-мен қосыла шырқаған «X.O» трегі тыңдалымы жағынан рекорд орнатып жатыр! Тик-токтың трендіне айналған ерек каллобарация енді «Itunes» чартының көшін бастады. Туындыны тек отандық қана емес, күллі ТМД-лық тыңдарманының құлаққабынан түспей жатқан көрінеді.

Morgenshtern мен Элджей-дің «Cadillac» трегі де бүгінде хит! Оның үстіне тыңдарман бұл тандемді ұзақ күткен еді. Еске салсақ, Morgenshtern: «Бейнебаянымдағы дизлайк саны бойынша Гуф пен Тиматиды басып озсам, әріптесіммен дуэт орнатамын», - деп уәде берген болатын. Енді міне, 1,6 миллионмен діттегеніне жеткен ол, су жаңа туындысын ұсынып отыр.

Ал үздіктер үштігін Раимның «Двигатся» атты туындысы түйіндейді! Бұл трекке тик-ток қолдануышлары түрлі видео таспалап, танымалдылығын асқақтата түскен еді. Тіпті, әнге Бузованының өзі «бокс биін» билеп, көпті таңқалтқан-ды. Осылайша 2018-де жарыққа шыққан трек, араға 2 жыл салып хит атанып отыр.

Itunes-та тыңдалымы бойынша топ жарғандар тізімінен Скриптонит, Hiro да бар. «Москва любит» пен «Особа крутая» тректері де тыңдарман көңілінен шығып жатқан көрінеді.