Жанар Дұғалова шығармашылығын қайтадан қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанар Дұғалова шығармашылығын қайтадан қолға алды! Әнші бұл жолы ашық образдардан бойын аулақ салып, қазақи нақышта киініп клип түсірген. Халық әні «Бір баланы» шырқаған оған, жанкүйерлері оң бағаларын беруде. Киіз үйде, шолпысын асынып, бес білезігін таққан Жанар көп көңілінен шығуда...

Енді Дария Александрова заңды түрде жар атанды! Бұған дейін АХАЖ-ға барудан қашып жүрген актриса, Сергей есімді фотографқа тұрмысқа шыққан. Өнер иесі думандатып, үлкен той жасаудан түбегейлі бас тартып отырғанға ұқсайды. Оған күйеуі де қарсы екен. «Ұят болады, деп аз-кем танитын адамдар үшін, үлкен шығынға батқымыз келмейді» дейді Дария.

Гүлназ Жоланованың ашық суреті, инстаграм қолданушыларын таңғалдырды. Актрисаны үнемі қарапайым әрі жабық киімде көріп үйреніп қалған жұрт, Гүлназдың ашық мойыны мен төсіне тиіскен.

Жанкүйерлері Жоланованың қолындағы жүзікті байқап қалған. Тіпті оны кейбірі «тұрмысқа шықтыға» балап жатыр.