Леди Гаганың жұлдызы қайта жанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен жылы «Жұлдыз дүниеге келді» фильмі арқылы трендттен түспеген Леди Гага биыл да ел аузында! Эпатажды әнші өзінің «Chromatica» альбомымен музыкалы чарттардың көшін бастауда. Мәселен, аталмыш туынды «Billbord» тізімінде сатылымы жағынан топ жарып, бірінші орынға жайғасты.

Еске салсақ, жинақта Гаганың Ариана Гранде, Элтон Джон және оңтүстік корейлік гелзбенд Blackpink-пен құрған дуэттері де бар.

Янг Таг, Lil Baby-мен дуэт құрып атағы асқақтай түскен Gunna бүгінде жеке әнші ретінде танымал! Бұған дәлел хип-хоп орындаушының «Wunna» үнтаспасының сұраныста болуы. Ондағы әрбір трек тыңдарман көңілінен шығып жатса керек.

Грэмми марапатының иегері Дрейк соңғы кездері аса белсенді емес! Тіпті, тыңдарман хип-хоп орындаушыны ұмыта бастағандай. Мұны жақсы түсінген рэпер «Dark Lane Demo Tapes» атты альбомын ұсынып, жанкүйерлерін қуантты. Араға уақыт салып, жарық көрген жинақ бүгінде сұраныстағы туындылар қатарында.