Айым Сейітметова кинодағы образдарын да күйеуімен мақұлдайтыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айым Сейтметова келіндік қызметтен қажығаны сонша, салмақ тастап, арықтап кеткен! Актриса өзінің отбасылық өмірі туралы ашыла сұхбат берді. Ал Айымның өзінен 9 жасқа үлкен күйеуі бикешке қатал қарайтыны рас па?

Карантин жеңілдетіліп, шығармашылығына шыңдап кіріскен Айым Сейітметова танымастай өзгерген. Көпшілік 2 ай бойы жинаған артық салмағымен алысса, актриса керісінше жүдеп кеткен. Бикештің мұншалықты өзгеруіне, келіндік қызметтен шаршауы себеп пе?

Айым Сейітметова, актриса:

- Аса шаршап жүрген жоқпын. Ну, күйеуім очень понимающий человек, поэтому он и поддерживает на работе. Мысалы күні бойы қазір сьемкада жүргеніме ол қарсы емес. Наоборот ол мені қолдап жүр. Типа қашан үйге келесің, неге тамақ жоқ деген ондай жоқ.

Алайда Айымға жолдасының қояр талабы жоқ емес. Мәселен, қысқа киім мен фильмдегі ашық сахналар актрисаға рұқсат етілмейді.

Айым Сейітметова, актриса:

- Ол өнер адамы болмағандықтан әрине ол қатты түсіне бермейді ғой оның бәрін ондай нәрселерді. Сондықтан өзім де тырысамын сондай сахналардың болдырмауына. Даже площадкада костюмерлерге айтып қойғам, андай қатты аса вырезі бар киімдерді кигізбесеңіздер деген сияқты.

Сейітметованың сүйіктісі жарының сұлу көріну үшін косметологтың көмегіне жиі жүгінетініне де қарсы екен. Алайда әзірге актриса өз қалауын істеп отырғанын жасырмайды.

Айым Сейітметова, актриса:

-Бәріне түсіністікпен қарауға тырысады. Маған ұнаса, сен де қабылдауың керек деп айтамын. Осыны істесең, үйге кірмейсің деген сияқты аса тыйым жоқ. Бұрын семіріп кетсем, липосакция жасатамын деп ойлайтынмын. Бірақ карантинде спорт пен дұрыс тамақтанудық арқасында, бір айда азуға болатынына көзім жетті.

Сондай-ақ, Айым карантин кесірінен бал айын ойдағыдай өткізе алмағанына қынжылады.

Айым Сейітметова, актриса:

- Негізі Америкаға виза ашқан болатынбыз 10 жылға. Енді мартта барайын деп жатқанда, билетті енді алайын деп жатқанда осындай жағдай туындап қалды. Енді өкінішке орай күту керек енді.