Кайли Дженнер мен Трэвис Скотт қайтадан бірге ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кайли Дженнер мен Трэвис Скотт қайтадан бірге ме? Өйткені өткен уикенд жұлдызды жұпты Лос-Анджелес көшелерінде бірге көргендер бар. Бірақ инсайдерлер: «Екеуі бар болғаны жақсы достар», - дейді. Трэвис қызы Сторми үшін ғана Кайлимен араласады екен. Әзірге қос танымал да сезімдері жайлы сыр ашпай келеді.

Эмбер Хердтан төрт бірдей қорғаушысы бас тартты. Олар Джонни Деппке қатысты істі жалғастырғысы келмейтіндерін айтқан. Өйткені барлық дәлелдер мен айғақтар Эмберге қарсы. Естеріңізде болса, Депп актрисаға қарсы «жала жабу» бабы бойынша іс қозғатқан еді. Егер Хердтың кінәсі дәлелденер болса, онда голливудтық жұлдызды темір тор күтіп тұр.

Джиган мен Оксана қайтадан бірге! Самойлова жарын түбегейлі кешірген. Бұған сылқымның ажырасуға берген өтінішін қайтарып алуы айқын дәлел. Тіпті екеуі сот процессіне келмеген. Желіде «сегіз жылғы жанұяның іргесі сөгілмейтін болды» деп қуанып жатқан жанкүйерлер жетерлік. Инстаграмдағы Оксананың стористары оның бақытты екенін көрсетеді.